Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Хусам ад-дин әс-Сығанақи еңбектеріндегі «Усул әл-Фикһ» ілімінің лингвистикалық негіздері

«Хусам ад-дин әс-Сығанақи еңбектеріндегі» Усул әл-Фикһ» ілімінің лингвистикалық негіздері» кітабының авторы: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры. исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев.

Монографияда орта ғасырда қазақ даласынан шыққан құқықтанушы, лингвист ғалым Хусам ад-дин әс-Сығанақидың өмірі мен ғылыми мұрасы және оның еңбектеріндегі ислам құқығы негіздерінің араб лингвистикасымен арақатынасы зерттелген.

Сондай-ақ ханафи мектебінің діни мәтіндерден құқықтық нормаларды айқындау методологиясындағы араб лингвистикасының маңызы талданады.

Еңбек исламтанушыларға, дінтанушыларға, тарихшылар мен шығыстанушыларға, студенттер мен магистранттарға және мұсылмандық құқық негіздерінің араб лингвистикасымен байланысын зерттеушілерге арналған.