Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

ИМАМ АҒЗАМ ТАҒЫЛЫМЫ

«Имам ағзам тағылымы» кітабында ұлық имам, мәзһабымыздың негізін қалаушы Имам Ағзам Әбу Ханифаның ақидаға қатысты «әл-Фиқһ әл-әкбар», «әл-Фиқһ әл-әбсат», «әл-Алим әу әл-мутааллим», «әр-Рисәлә», «әл-Уәсия» сынды құнды еңбектері қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып, ғылыми айналымға ұсынылуда. Бұл еңбектерде әһлі-сунна уәл-жамағаттың сенім негіздері ықшамдалып берілген.

Еңбек исламтанушы, теолог, дінтану мамандарымен қатар Имам Ағзамның ислам ақидасына қатысты ақидалық көзқарастарын танып- білуге қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.