«ИСЛАМ АҚИДАСЫ »

Авторы: PhD докторы Қалмахан ЕРЖАН

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің ұстазы, PhD докторы Қалмахан ЕРЖАН жазған  бұл оқу құралында Ислам дінінің сенімдік мәселелерін қарастыратын ақида ілімі, Ислам сенім жүйесі, Ислам тарихында сенімге қатысты туындаған мәзһабтар және олардың көзқарастары баян етіледі. Ақида ілімінің маңыздылығы, пәні мен ақида ілімінің тарихы, ақида саласындағы мәзһабтардың шығуына  (харижиттер, шииттер, муржия, муғтазила, сүнниттер мен шииттердің басты айырмашылығы) әсер еткен негізгі себептер кеңінен берілген. Әһли сүннет ақидасы, иман ақиқаты жан-жақты қамтылған.

Ұсынылып отырған оқу құралы жоғары оқу орындарында «Исламтану», «Дінтану», «Теология» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер мен оқытушыларға және ислам ілімдеріне қызығатын оқырман қауымға арналған.

«Нұр-Мүбарак» университеті, 2014 жылы жарық көрген.