«ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ»

Абай атамыздың осы жыр жолдары әрбір ақылды адамды ойландырып, мұсылмандық міндетін орындауға жол сілтеуге толық жеткілікті.

Ақылды адамға иман парыз,
Иманды адамға ғибадат парыз…

Абай атамыздың осы жыр жолдары  әрбір ақылды адамды ойландырып, мұсылмандық міндетін орындауға жол сілтеуге толық жеткілікті. Ал мұсылмандық бес парызым қандай десеңіз, онда Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы, PhD докторы Мұхитдин ИСАҰЛЫ мен университет докторанты белгілі исламтанушы Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ  жазған «Ислам ғылымхалы» кітабы  сіздің құлшылыққа қатысты сансыз сауалыңызға толық жауап бере алады.

Дін дегеніміз не, не үшін құлшылық жасаймыз, діндегі тазалықтың мәні, намаз, ораза, зекет, қажылық, құрбандық, тіпті аңшылыққа қатысты сансыз сауалдарыңызға ханафи мәзһабы бойынша кеңінен түсіндіріліп жазылған.

Құлшылықтың мән-мағынасын аша түсетін кітап қоры 2012 жылы университетіміздің ұстазы Нұрлан Анарбаев пен Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Еркебұлан Қарақұловтың «Ислам ғылымхалымен» толықты.  Фиқһ үкімдерін білуге қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға Ханафи мәзһабы бойынша жазылған еңбек діни үкімдердің анықтамаларын берген. Тазалық, намаз, ораза, зекет, қажылық, құрбандық, халал мен харамға қатысты  сан салалы сұрақтарға ұғынықты және мысалдармен кеңінен қамтылып, жауап жазылған. Бұл кітап –  кез-келген мұсылман отбасы үшін құлшылықта жол сілтер сенімді серік болатын рухани қазына.   Кітап «Дәуір» баспасынан жарық көрген.  «Ислам ғылымхалы»  бірнеше рет басылып шыққан.