«ИСЛАМДА ОТБАСЫ»

Авторы: PhD докторы Шамшат ӘДІЛБАЕВА

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы, PhD докторы Шамшат ӘДІЛБАЕВАНЫҢ «Исламда отбасы» кітабында Ислам діні бойынша отбасы мәселелері қамтылған. Нақтырақ айтқанда өзіне өмірлік жар іздеген, болашақ шаңырақ көтеруді көздеген жандарға отбасы құрудан бұрын қойлатын талаптар, некеге қатысты мәселелер, ер мен әйелдің отбасындағы және өзара құқығы мен міндеттері, бала құқығы, талақ және ғиддатқа қатысты тақырыптар Құран аяттары мен хадистерге негізделіп беріледі.

Қазіргі рухани түлеуді қажет етіп отырған  қазақ қоғамында дәстүрлі мұсылмандық өзегімізді ғылыми тұрғыда талдап беретін құнды еңбек. Сондықтан бұл әрбір отбасы бақытын, жұбайлық шаттығын көздеген мұсылман баласы үшін, отбасы үшін өте маңызды қазына көзі деуге болады.

Оқулық жоғары оқу орындарындағы «Исламтану», «Дінтану», «Теология» мамандығы бойынша білім алушы студенттерге арналған. Алайда жалпы оқырман үшін де таптырмас жолсілтер болып қала бермек.