Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

ИСЛАМДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Исламдағы адам құқықтары» кітабында ислам дініндегі құқық түсінгі мен адамның негізгі құқықтары және оның тарихи бастаулары кеңінен қарастырыла отырып, басқа діндер мен өркениеттердегі адам құқықтары мен бостандықтары, исламдағы өзге дін өкілдерінің құқылары баяндалады.

Сондай-ақ, пайғамбар (с.а.с.) мен сахабалар дәуірінен жеткен құқықтық құнды мұралар қамтылған.

Кітаптың авторы: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев.

Еңбек исламтанушылар мен құқықтанушыларға және жалпы ислам ілімдеріне қызығушылық танытқан оқырман қауымға арналады.