«ИСЛАМДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫТАРЫ»

Авторы: PhD докторы Қайрат ҚҰРМАНБАЕВ.

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің ұстазы, PhD докторы Қайрат ҚҰРМАНБАЕВТЫҢ бұл еңбегінде ислам дініндегі құқық түсінігі мен адамның негізгі құқықтары және оның тарихи бастаулары  кеңінен қарастырыла отырып, басқа діндер мен өркениеттердегі адам құқықтары мен бостандықтары, исламдағы өзге дін өкілдерінің құқықтары баяндалады. Сондай-ақ, пайғамбар (с.а.у) мен сахабалар дәуірінен жеткен құқықтық құнды мұралар қамтылған.

Жалпы адамзат тарихында діни құқықтар арасында ерекше жүйеленген тарихи типі – ислам құқы. Исламдағы құқық баламасы – «фиқһ», арабшадан аударғанда терең түсіну, зеректік дегенді білдіреді. Ал жалпы фиқһ адам мен қоғам және адам мен Жаратушы қатынасының кең ауқымын қамтиды. Осы мәселелерді жан-жақты саралаған кітапты оқыған оқырман өзінің ислами дүниетанымын ғана емес, асыл дініміздің адам құқығына қаншалықты құрметпен қарайтынын түсіне алады. Яғни әрбір адам өзінің өмірдегі, қоғамдағы, отбасындағы орнын айқындауда жолбасшы  етер туынды.

Кітап исламтанушылар мен құқықтанушыларға және жалпы ислам ілімдеріне қызығушылық танытқан оқырман қауымға арналған. ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы мақұлдауымен 2012 жылы жарық көрген.