«КЕМЕЛДІК КІЛТІ»

Авторы: PhD докторы Алау ӘДІЛБАЕВ

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы, доцент Алау Әділбаевтың «Кемелдік кілті» атты кітабы адам баласын кемелдікке жетелейтін басты қағидалар қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадистері және өзге де ислам әлеміндегі құнды және ғылыми еңбектер арқылы шебер жеткізілген.

Қазір әлем рухани тоқырауға тірелген кезеңде адамзат арасында гуманизмдік принциптер жан-жақты насихатталуда. Бәлкім ол діни не зайырлы орта болсын, барлығының көксегені бір мәселе. Ол – гуманизмнің басты қағидасы бойынша әлемнің басты құндылығы  адам болса, адамзат өкілі өзінің жаны мен тән сұраныстарын қалай ажыратпақ? Ол үшін нені білу маңызды, қандай рухани қазынаны ақтарған жөн? Анадан алғаш бейкүнә туылаған сәби қоғамның қалтарысында болмысын жоғалтпай, өзін-өзі қалай кемелдендірмек? Оның жолдары қандай болмақ? Міне осындай адамзаттық деңгейдегі сауалдарға рухани қажеттілік жолында нақты білім мен мағлұматтар беретін «Кемелдік кілті» кітабы жалпы оқырман үшін екі дүниелік бақытқа жетелейтін еңбектерден деуге болады. Дәл қазіргі біздің рухани сауығудың жолында сан тарапқа шарқ ұрған қоғамымыз үшін ата бабамыздың діні жәй ғана біржақты уағыз не болмаса құлшылық  жасаумен шектелетін дін емес, ғылымның қайнар өзегі екендігін нақты дәлелдейді. Сондықтан  Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысының төл туындысы әрбір мұсылманның руханияты үшін  маңызды жолсілтер деуге болады.