«ҚҰРАН АНТОЛОГИЯСЫ»

Авторлары: филос.ғ.к. А.Р.ӘЛМҰХАМЕТОВ, философ.ғ.к.Б.ХАМЗЕЕВА.

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің ұстаздары  филос. ғ.к. Алий Рауфұлы Әлмұхаметов пен филос.ғ.к. Базар Хамзееваның «Құран антологиясы» жинағы оқырман қауымға Құранның мазмұны жайында негізгі түсінік беру үшін және оларды Құран мен Исламның құндылығымен таныстыру үшін жазылған. Кітапта арнайы таңдалып алынған тақырыптар бойынша классификацияланған (жүйеленген)  Құраннан үзінділер қамтиды.

«Бұл жинақты жазудағы мақсатымыз көпшілікті иманға, адамгершілік ізгі қасиеттерге шақыру және ғылымсүйер қауымды Құранмен таныстыру, Құранның босағасына жетелеп алып бару, жақынырақ араласуға себепкер болу. Бұл антологияның мақсаты – белгілі тақырыптардағы сенімді де нақты дәлел-мәтіндерді қамтып, оқырманға ұсыну, әрі оларды тақырыпқа байланысты ойландырып, артық білім талап етуіне жөн сілтеу»,-дейді авторлар.

Жинақтың ерекшелігі оқырманның қажетті тақырып бойынша ең таңдаулы аяттарғаоңай қол жеткізуіне көмектеседі. Әсіресе, араб тілін білмейтін және Құранмен тек оның аудармасы ғана арқылы танысқысы келетін оқырман қауымға арналған.

Сондықтан «Нұр-Мүбарак» университеті ұстаздарының бұл еңбегі көпшілік қауымға пайдасы мол деген сенімдеміз.