Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

ҚҰРАН ІЛІМДЕРІНЕ КІРІСПЕ

Оқу құралында ислам дінінің негізгі қайнар көзі болып табылатын Құран Кәрімнің түсу жолдары мен жазылып, жинақталу тарихы қарастырылады.

Сондай-ақ, «Құран ілімдерінің тарихы», «Аяттардың түсу себебі», «Насих және мансұх» секілді, жекелеген Құран ілімдері турасында мол мәліметтер беріледі. Сонымен қатар, тәпсір ілімінің қалыптасу тарихы мен негіздері және кейбір тәпсір түрлері қамтылады.

Кітаптың авторы: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев.

Оқу құралы, магистранттар мен студенттерге, исламтанушылар мен дінтанушыларға және жалпы ислам ілімдеріне қызығушылық танытқан оқырман қауымға арналады.