«МӘҢГІ МҰҒЖИЗА»

Авторы: PhD докторы Мұхитдин ИСАҰЛЫ.

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы, PhD докторы Мұхитдин ИСАҰЛЫның туындысы.

Барша мұсылман жұртының ең баға жетпес құндылығы қасиетті Құран Кәрім. Қасиетті Кітапта Жаратушы бізге қос дүниенің бақытын ұғындырады. Жер бетіне түскеніне 15 жыл өтсе де Құран аяттарына қатысты ислам ғұламалары қаншама еңбектер жазса да, оның мағынасын түгесу мүмкін емес. Себебі, шексіз, түпсіз терең мағыналы Құран уақыт өткен сайын қайта жаңара түсуде.  «Фуссилат» сүресінің 53-аятында «Болашақта дәлелдерімізді ғаламзат және өз жаратылыстарында көрсетеміз. Сол кезде Құранның ақиқат екендігіне олардың анық көздері жетеді» делінген. Демек, уақыт озып, адам баласының ілімі артқан сайын аяттардың мәнін де ұғыну мүмкіндігі арта түспек. Автор қасиетті Құранның Ұлы Жаратушының кітабы екендігін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеген. Мазмұны салмақты, тілі оқылуға жеңіл еңбек оқырман жүрегіне жол табар деген сенімдеміз.

«Мәңгі мұғжиза» кітабында көбіне намазда оқылатын қысқа сүрелердің тәпсірі берілген. Жаратушы әрбір иманды жанды Өзінің ұлық сөздерінің мәнін ұғынып оқуға нәсіп еткей! Кітап барша оқырман қауымға дінтану мамандарына, жас жеткіншектерге және тәрбие саласындағы жандарға арналған.

«Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2011 жылы жарық көрген.