«НАМАЗ –ДІННІҢ ДІҢГЕГІ»

Авторлары: Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы Нұрлан САЙЛАУҰЛЫ, әл-Азһар университетінің  түлегі Еркебұлан ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ.

 

Шыр етіп дүниеге келген әрбір мұсылман баласы балиғат жасына жеткен бойда сәждеге жығылып, намаз оқуы парыз. Намаздың  парыз екендігін білсек те, көпшілігіміз оның адам өміріндегі  өлшеусіз орны, теңдессіз теңеуі барына мән бере бермейміз. Себебі мұсылманның тіршілігін пендешіліктен тыйып, арсыздықтан арашалап, жамандықтан қорғайтын құлшылық жайлы талай айтылып, жазылып та жүр. Әлі талай жазылары анық. Сондықтан әрбір мұсылман білуі тиіс бес парыздың бірі, иманның нұры, құлшылықтың мәйегі десек, бұл кітап намаздың Құран мен сүннеттегі орны, мәні мен мазмұны, ерекшеліктері, екі дүниенің сардары Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыз бен сахабалардың және табиғиндердің намазды қалай оқығаны жайлы т.б. қысқаша баяндалады.

«Көкжиек» баспасы, 2011 жылы жарық көрген еңбек намазға қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.