«ОРАЗА – ТЕҢДЕССІЗ ҚҰЛШЫЛЫҚ»

    Авторлары: әл-Әзһар университетінің түлегі, «Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы Нұрлан АНАРБАЕВ пен  әл-Әзһар университетінің түлегі Еркебұлан ҚАРАҚҰЛОВ.

Қос автордың  бұл еңбегінде ертеректе жарық көрген «Ислам ғылымхалы (Әбу Ханифа мәзһабы бойынша)» кітабының ораза бөлімі ықшамдалып берілген. Ораза үкімдері, ол туралы аят-хадистер, сондай-ақ қасиетті Қадір түнінің маңызы, иғтикаф, пітір садақасының мән-маңызы т.б. жан-жақты аят-хадистермен берілген. Бұл кітап мұсылманның 5 парызының бірі ораза туралы толық мәлімет алғысы келген барша оқырман қауымға арналған. «Көкжиек» баспасында  2012 жылы жарық көрген.