«ОТБАСЫ  ҒЫЛЫМХАЛЫ»

Авторлары: PhD докторлары Ата әс-Сынбат, Мұхитдин Исаұлы.

 

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы Мұхитдин Исаұлы мен  «әл-Азһар» университетінің ұстазы доткор Ата әс-Сынбатидің бірлескен еңбегі «Отбасы ғылымхалы» Ханафи мәзһабының негізінде  жазылған. Қос автордың еңбегінде Ислам дініндегі халал мен харамдар, отбасына қатысты бала мен ерлі-зайыптылардың өзара құқытары және неке, талақ туралы түсіндіріліп, көккейтесті сан алуан сауалдарға ғылыми тұрғыдан жауап беріледі. Сондықтан әрбір шаңырақ шаттығына кенеліп, отбасы жылуына бөленгісі келген мұсылман баласы үшін бұл жаңылмайтын жолсілтер, әрбір отбасының кітап сөресінде тұруы тиіс еңбек деуге болады. Себебі кітап Исламдағы қос қайнар көз қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадистеріне сүйеніп, дініміздің ғұлама ғалымдарынан қалған қазыналы еңбектерімен маңызы ашыла түскен.

Кітап жоғары оқу орындары мен имамдарға және жалпы мұсылман қауымына раналған.