«ПАЙҒАМБАРЛАРҒА  ИМАН»

Авторы: PhD докторы Қалмахан ЕРЖАН

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің ұстазы, PhD докторы Қалмахан ЕРЖАННЫҢ «Пайғамбарларға иман»  исламдағы сенім мәселелерінің бірі пайғамбарларға  иман туралы  кеңінен сөз етіледі. Автор пайғамбарларға сенім мәнін аят-хадис тұрғысында жан-жақты тоқталып, маңызын саралап, тақырыпқа қатысты діни ұғымдарды түсіндірген.

Пайғамбарлар – адамзатқа бұл өмірдегі әр нәрсенің өзіндік мән-мағынасы мен міндеті бар екенін, бекерге жаратылмағанын аңғартатын тәлімі мол ұстаздар. Бізді қоршаған жаратылыс атаулыны ғана емес, күллі ғаламды жоқтан бар еткен Жаратушыны тануда арқалаған аманаты орасан асыл тұлғалар. Расымен пайғамбарлар деген кім? Олардың өзге пенделерден айырмасы бар ма? Олардың ғаламдық міндеті қандай? Осындай мұсылман үшін аса маңызды сауалдарға жауап іздесеңіз, онда «Пайғамбарларға сенім» сіз үшін таптырмайтын туынды.

Бұл шағын еңбек дінтанушыларға, теология, ақида саласының мамандарына және жалпы оқырман қауымға арналады. «Көкжиек-Б» баспасынан  2010 жылы жарық көрген.