«ПЕЙІШКЕ ЖЕТЕЛЕР ПЕЙІЛ»

Авторы: PhD докторы  Мұхитдин ИСАҰЛЫ

 

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы, дінтанушы  Мұхитдин ИСАҰЛЫНЫҢ  «Пейішке жетелер пейіл» кітабы жалпы оқырман қауымға арналған. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) хадистерін арқау ете отырып алынған  кітаптағы шағын әңгімелер әрі олардың әсерлі баяндалуы, кең тарқатыла жеткізілуі оқырмандарды  терең ойға жетелері сөзсіз. Материалдық  дүние рухани құндылықтарды көлегейлеген  кезеңде адамзаттың пейіл тазалығының маңыздылығы қасиетті Құран мен пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) хадситерімен негізделіп, жан-жақты мысалдармен баяндалады.  Көпшілдік, қанағатшылдық, тақуалық пен даналық секілді түрлі адамгершілік, ізгілік, имандылық қасиеттерге баулиды.

Әуел баста тазалықтан түзілген адам жаны қашанда Аллаға деген нанымды, пәктікті, ар тазалығын, ұят өлшемін, парасаттылықты қалайды. Сондықтан пендешілік әлемінде шарқ ұрса да жүрек түкпірінде іңкәрлікті аңсайтын жандар аз емес. Сол күнәлар қалтарысында көмілген жүрек түкпіріндегі  иманның маздап жанып, ақиқат танымын кеңейтіп, мұсылманшылығын арттыруда бұл еңбектің қосар өз үлесі бар. Сондықтан Алла разылығын, ақиқат әлемін іздеген кез-келген мұсылман М.Исаұлының «Пейішке жетелер пейіл» кітабын оқу арқылы таным көкжиегін кеңейте түсері сөзсіз.