«ПЕРІШТЕЛЕРГЕ  ИМАН»

Авторы: PhD докторы Қалмахан ЕРЖАН

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің ұстазы, PhD докторы Қалмахан ЕРЖАННЫҢ «Періштелерге иман»  кітабы – асыл дініміз исламның  иман негіздеріне деген ерекше жауапкершіліктің жемісі.

Әлбетте, қарапайым пенде періштелердің бар екенін түйсінсе де, олардың қандай келбетте және түр-сипаттарымен қоса атқаратын міндеттерін түп тұқиянына дейін біле бермейді. Әйтсе де бұл нұрдан жаратылған тылсым жаратылыс жайлы әркім-ақ білуге құштар.  Яғни, періште  дегеніміз не? Ол нендей жаратылыс? Қалай жаратылған? Тіршіліктегі міндеті қандай? Саны қанша? Ерекшеліктері қандай? неше түрге бөлінеді? Осындай сан түрлі сауалдарға жауап беретін «Періштелерге иман» кітабы  мұсылман үшін иманының кемелденуіне ықпал етері сөзсіз.

Автор періштелерге сенімнің түп негіздерін нақты дәлелдермен аят, хадистерді басшылыққа ала отырып дәлелдеген.

Кітапша дінтанушыларға, ақида саласының мамандарына және жалпы оқырман қауымға арналған. . «Көкжиек-Б» баспасынан  2010 жылы жарық көрген.