«САДАҚА және ЗЕКЕТ »

  Авторы: Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы Нұрлан АНАРБАЕВ

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы, әл-Әзһар университетінің түлегі  Нұрлан Анарбаевтың «Садақа және зекет» кітабында садақа мен зекеттің исламдағы орны мен қоғам үшін маңызы айтылады. Яғни, зекет пен садақаның үкімдері мен пайдалары, ол туралы аят-хадистер мен оқиғалар беріледі. Халқымыз «Садақаны сауыңда бер» деген. Асылында, бұл сөздің жәй сөз еместігін кітапта берілген ғибратты  әңгімелерден, болған оқиғалардан анық көз жетіп, адам баласы үшін жомарттықтың соншалықты маңыздылығына көз жеткізуге болады. Садақаның  беруші адамның өзі үшін көпе-көрнеу пайдалары сөз етіледі.

Ал мұсылмандар арасында дәулеттілерге парыз болған  «Зекет» берудің маңыздылығы, қасиетті Құрандағы зекет жайлы ескертулер мен аяттар, оның екі дүниелік маңызы айтылады. Қоғамдағы  ұрлық-қарлық, бай мен кедей арасындағы теңсіздікке бірден-бір тоқтау осы зекет пен садақа екендігі дәйекті дәлелдермен баяндалады.

Кітап садақа мен зекет туралы толық мәлімет алғысы келген барша оқырман қауымға арналған. «Көкжиек» баспасында 2014 жылы жарық көрген.