«САҢЛАҚ САХАБАЛАР»

Авторы: PhD докторы Алау ӘДІЛБАЕВ.

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы, доцент Алау Әділбаевтың «Саңлақ сахабалар» атты кітабы бірнеше мәрте басылып шыққан сүбелі еңбектерден. Кітапта Пайғамбарымыздың (с.а.c.) жанында жүріп, өнегелі өмірін бойына сіңірген, исламның алтын ғасырын орнатып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қоғамның шынайы үлгісін көрсете білген атақты 4 халифа, көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген сахабалардың өнегелі өмірлері баяндалады. Олардың Ислам дінін таратуда жұмсаған қажыр-қайраты, көзсіз батырлықтары мен ерен еңбектері тарихи деректермен көркем суреттеледі. Кітапты оқыған адам ислам тарихындағы асыл  тұлғалармен танысып қана қоймай, адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтармен қауышары сөзсіз.

Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.