Алау Ұстазды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

11/12/2017

Елімізге танымал дін ғалымы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы  Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры  Алау Әділбаев мырзаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб-мүфтиі болып тағайындалуымен  Нұр-Мүбарак университетінің ұжымы шын жүректен құттықтайды!

Алау Шайқымұлының мемлекеттік деңгейдегі дін мәселелеріне белсене араласып, ислам ғылымы мен иманды ұрпақ тәрбиесі жолында атқарып жатқан абыройлы еңбектері –  әрқашан Нұр-Мүбарак университеті үшін, әрбір дәрісін жадында сақтаған шәкірттері үшін мақтаныш. Сондықтан ҚМДБ-ның наиб-мүфтиі тізгінінде еліміздегі ислам білімі мен ғылымы саласындағы мүмкіндіктер аясын кеңейтуге білімі мен білігін, қажырлы күш-жігерін жұмсайды деген  сеніміміз мол!