Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ұстаздар күнімен құттықтады

02/10/2017

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ұстаздар күнімен құттықтады

Қазан айының алғашқы жексенбісі Халықаралық ұстаздар күніне орай ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтады. Әсіресе елімізде имандылықтың қарлығашы болған жоғары білімді имамдар мен исламтанушылар, ислам ғалымдарын даярлап жатқан Нұр-Мүбарак университетінің ұстаздар ұжымына, медресе-колледж оқытушыларына ерекше лебізін білдіріп, арнайы құттықтау хат жолдады.

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. „Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің„ дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Осынау қайырымды жұмыстарыңызға табыс тілеймін„,-деп жазылған құттықтау хатында.

Ғалым да, шахтер де бас иетін „Ұстаз„ деген ұлы тұлғаға лайық тағылымды да жемісті ғұмыр тілей отырып, барша ұстаздарды мерекелерімен құттықтаймыз.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі