Хафиз Шохан Уәлиевті Құттықтаймыз!

22/06/2016

 

Нұр-Мүбарак университеті исламтану мамандығының студенті Шохан Уәлиевті  Халықаралық Құран жарысындағы мәртебелі жеңісімен құттықтаймыз.

Маусымның 10-17 аралығында  Түркияның Стамбул қаласында  әлемнің 60-қа жуық мемлекетінен Құранды жатқа айту және мәнерлеп оқу бойынша 116 хафиз-қарилар өзара бақ сынасқан болатын. Қазақстан атынан қатысқан Нұр-Мүбарак  университетінің студенті Шохан  Уәлиев ақтық сынға жолдама алған  7 хафиз құрамында жүлделі екінші орынды еншіледі.

Бұл әлбетте,  еліміздегі жалғыз ислами білім шаңырағы, сондай-ақ ТМД-да баламасы жоқ  Нұр-Мүбарак университетінің  сапалы білім, озық тәлім беруінің көрсеткіші. Жақында ғана  ректор, профессор Жуда Абдулғани Басюнидің қолынан бүкіл Құранды тәжуидпен жатқа және  «Ән-Нәуәуидің 40 хадисін»  жатқа оқудан ижаза куәлігін алған Шохан  Уәлиевтің ұстазы Сәйд Абдулмәжид Сәйд Мұхамед  Құранның 7 қырағатынан ижазасы бар мысырдағы Әл-Азһар университетінен келген ғылым докторы.

ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!