• Бас бет
  • Congratulations
  • Қайрат Құрманбаев — еліміздегі тұңғыш ислам ғылымы докторы атанды

Қайрат Құрманбаев — еліміздегі тұңғыш ислам ғылымы докторы атанды

13/04/2016

Қайрат Құрманбаев  — еліміздегі тұңғыш  ислам ғылымы докторы  атанды

kair

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру туралы» 2016 жылғы 4 сәуір № 327 бұйрығымен  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының аға оқытушысы Құрманбаев Қайратқа философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. Айта кетсек, бұл елімізде жаңадан дамып келе жатқан исламтану ғылымы бойынша  берілген ең алғашқы ғылыми  дәреже.

Естеріңізде болса, 2015 жылдың 29 желтоқсанында Нұр-Мүбарак  университеті докторантура бөлімінің алғашқы  түлектері  Қайрат Құрманбаев (исламтану бойынша)  пен Шағырбаев Алмасбек (дінтану бойынша)  диссертациялық зерттеулерін сәтті қорғап шыққан болатын. Бүкіл құжаттар сараптаудан өткізіліп, Нұр-Мүбарак университетінің қос түлегі философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие болды.

Нұр-Мүбарак университетінен түлеп ұшқан  біліктілігі жоғары, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген жас докторларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс тілейміз.

Аттарыңызды асқақтатын талантты, білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Университет ұжымы