Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын!

30/08/2017

Қымбатты отандастар, әріптестер!

Баршаңызды тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуында, әрбір азаматтың құқығының сақталуына кепіл Конституция күнімен құттықтаймыз! Біздің еліміз зайырлы, демократиялық бағытты таңдай отырып, әрбіріміздің ұлтық ерекшеліктерімізді бөліп-жармай, сенім-нанымызға еркіндік беріп, діни бостандығымызға шек келтірмей, еркін білім алып, еңбек етуімізге мүмкіндіктер жасай отырып еліміздің еңселі азаматы болуға толық мүмкіндіктер беріп отырғанын айта кеткеніміз абзал. Сондықтан, біздің білім алып, салауаттылықты насихаттап, ел бірлігі мен дамуы жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, мемлекет тұтастығына қызмет ету — Отан алдындағы азаматтық борышымыз һәм перзенттік парызымыз!

Еліміздің халықаралық қауымдастықтар алдында мәртебесі мерейлі, тәуелсіздігі тұғырлы, бейбітшілігі баянды, Ата заңымыз абыройлы болғай!

Нұр-Мүбарак ЕИМУ проректоры, профессор Ш.Т.Керім