Құрметті Ұстаздар!

03/10/2016

Құрметті Ұстаздар!

ustazkuni

 

Сіздерді Халықаралық Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

Ұстаз деген ежелден ұлылық пен даналық қасиеттерді ұштастырған асыл ұғым. Себебі әрбір ілім ұстаз арқылы үйретіліп, ұстаздар арқылы әлемге ізгілік таралады.

Бұл мереке «Нұр-Мүбарак» университеті үшін ерекше болса да, біз ұстаздар қауымына құрмет көрсетуді әрдайым жадымызда ұстаймыз. Өйткені бұл біздің білім әлеміне деген ынтамызбен ғана байланысты емес, бұл – асыл дініміз исламдағы қалыптасқан ізгілер үлгісі. «Ұстаз» дегенде бізге Пайғамбарымыз (ﷺ) көркем бейнесі елестейді. Өйткені ол тек сахабаларға ғана емес, бүкіл адамзатқа ұстаздықтың озық үлгісін көрсетіп кетті. Мұхаммед Пайғамбарымыз (ﷺ)  ұстаздықты сөзімен ғана емес, ісімен, әрбір көзқарас, іс-әрекеті, тіпті үнсіздік танытуымен де көркем бейнеде өнеге ете білді. Сондықтан осы асыл дінімізді насихаттайтын қара шаңырақ «Нұр-Мүбарак» университетінің әрбір ұстазы адамзаттық үлгідегі Ұстаз аманатын арқалаған асыл тұлға деп есептейміз. Бүгінгі халықаралық мерекені пайдалана отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, зейінді шәкірт, екі дүниеде сауапты табыс тілейміз!  

«Нұр-Мүбарак» студенттері