• Бас бет
  • Congratulations
  • Құттықтаймыз, доктор Халид Саид Мұхаммед Ғоним доцент атағын алды

Құттықтаймыз, доктор Халид Саид Мұхаммед Ғоним доцент атағын алды

19/03/2016

1458413071567-mo642h2idia26ogw6rxlkfnkyvr9do97thm8zhdikg

Нұр-Мүбарак  университетінің оқытушылар құрамы тағы бір доцентпен толықты. Ғылыми дәрежесі жоғары оқытушылар санының артуы  бұл  кез-келген жоғары оқу орны үшін  маңызды  мәлімет әрі мәртебелі жағдай. Сондықтан мысырлық ғалым доктор Халид  Саид Мұхаммед Ғоним мырзаның қосымша доцент атағын алуы бүкіл Нұр-Мүбарак университетін қуанышқа бөледі.

Малайзиядағы  Ислам  университетінде ғылыми  дәрежесін  қорғаған  доктор Халид  Саид Мұхаммед Мысырдағы  әл-Азһар университетінің дағуат факультетінде қызмет еткен, Жоғарғы білім ұйымының мүшесі.  Орда бұзар отыз жасында араб ғылым әлеміне танылып үлгерген  ғалым негізінен қазіргі әлемді алаңдатқан терроризм,  лаңкестік мәселелеріне қатысты ғылыми мақалаларды жиі жариялайды. Ал  мыңдаған ұстаздар арасынан  озық шығып, қазақ елінде білім беруге жолдама алған  доктор, доцент Халид Ғоним Нұр-Мүбарак университетінде екі жылдан бері  исламдағы уағыз-насихат мәселелеріне қатысты дәріс беріп келеді.

Нұр-Мүбарак университеті доктор, доцент Халид  Саид Мұхаммед Ғонимді шын жүректен құттықтап, еңбегі жемісті, Алла жолындағы қызметі берекелі болуын тілейді.