Құттықтаймыз!

22/04/2016

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, теология ғылымдарының докторы Алау Әділбаевқа  доцент атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2016 жылғы 11 сәуір «Ғылыми атақтар беру туралы» № 355 бұйрығымен Әділбаев Алау Шайқымұлына  Философия мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Нұр-Мүбарак университетінің «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры әрі университеттегі білікті ұстаздардың бірі ғылым докторы Алау Әділбаевты доцент ғылыми дәрежесімен құттықтаймыз!