Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Діни экстремизмге қарсы орталық

Оқу орнының жанында 05.09.2016 жылдан бері Діни экстремизмге қарсы орталығы жұмыс істейді. Бұрын орталыққа университет проректоры РhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев жетекшілік жасаған. Қазіргі  директоры: теолог, Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторанты Асқар Сабдин.

Орталықтың мақсаты – діни қызметшілер, ҚМДБ өкілдері мен діни қызметкерлерінің, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдеріне, жалпы қызығушылық танытқан дінтанушы, исламтанушы мамандардың діни және теологиялық дайындығын арттыру мақсатында діни экстремизмге қарсы тұру  мәселелері бойынша білім беру, ғылыми мен тәжірибелік пәндерді үйрету және оқыту, жаттықтыру. Сонымен қатар діни экстремизмге қарсы ғылыми-методикалық, зерттеу, талдау қызметтерін жасау.

Орталықтың қызметі:

– Өңірлердегі дін істері басқармаларының, дін мәселерін зерттеу мекемелерінің, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің теолог, дінтанушыларын, өзге де қызығушылық танытқан мекемелер қызметкерлерін, сондай-ақ жергілікті және республикалық ақпараттық түсіндіру топтары мүшелеріне арнап курстар, өзге де шаралар ұйымдастыру;

–  Жергілікті атқарушы органдардың ықпалымен деструктивтік радикалдық ағым ерушілеріне арнап, курстар өткізу;

– Діни эстремизм мәселесіне қатысты методикалық құралдарды құрастыру және басып шығару;

– Діни экстремизмге қарсы аудио және видео материалдарды дайындау.

– Деструктивтік және экстремистік діни ағымдарды, ұйымдарды, жамағаттарды, идеологияларды, субмәдениеттерді зерттеу;

– Діни және теологиялық материалдарға жүргізілетін сараптамаға жәрдемдесу;

–  Діни экстремизм мәселесіне қатысты бағдарлама, жоба, стратегия әзірлеу;

–  Еліміздегі және шет елдердегі діни ахуалдарға талдау жасау;

– Экстремизм және терроизмге діни дәлелдемелермен әлеуметтік зерттеу жүргізу;

– Діни экстремизм мәселері бойынша мемлекетік органдарға, діни бірлестіктерге, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға консталтинг және ұсыным жасау.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 73.