Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Дінтану (3 жылдық қысқартылған) қабылдау бағдарламасы 2020-2021

3 жылдық қысқартылған «6В02200-Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша емтихан өткізу туралы

Жалпы ережелер

3 жылдық (қысқартылған) «6В02200-Дінтану» білім беру бағдарламасына түсетін талапкерлер үшін қабылдау емтиханы сұхбаттасу түрінде өткізіледі.

Емтиханның мақсаты талапкерлердің дін негіздері бойынша білімі мен кәсіпке жарамдылығын тексеру болып табылады.

Емтиханды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде құрылған қабылдау комиссиясы өткізеді.

Емтихан 2020 жылдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Мамандық бойынша емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұны жоғары оқу орнымен дербес анықталады.

Емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.

Емтихандардың кестесін (күні, уақыты және өткізілетін орны, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.

Емтихан «өтті/өпеді» деп бағаланады.

Емтиханды қабылдау тәртібі

Емтихан өткізу аудиториясына жіберуді және сұхбат өткізу кезінде осы қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.

Емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.

Талапкер емтиханға кестеде керсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.

Талапкер емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.

Сұхбат өткізу кезінде аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.

Емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкүндік жасалады.

Сұхбаттасу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.

Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол емтиханды жазбаша өтініші мен емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.

Емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар:

-талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);

-төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады).

-дәлелді себептер бойынша емтиханға келмеген тұлғалар оған емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жiбepiлeдi.

Дәлелсіз себептермен емтиханға келмеген талапкерлер емтиханға жіберілмейді.

Емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомостымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.

Емтиханның қорытындысы ведомостпен және пәндік комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.

Емтихан нәтижелері тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.

Сұхбаттасу нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.

Талаптарды сақтауды және сұхбаттасу кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде емтихан тапсырушы тұлғалардық құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бip күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әpбip тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі қарастырылмайды.

Емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

Нормативтік талаптар

«6В02200-Дінтану» білім беру бағдарламасына (3 жылдық қысқартылған) түсуге ынта білдірген талапкерлердің кәсіби біліктілігін тексеруді талап ететін сұхбаттасу мамандықтар қатарына жатады.

Түсу емтихандарының бағдарламасы мен талаптары шығармашылық қабілеттері бар, дін негіздері бойынша белгілі деңгейде сауатқа ие тұлғаларды таңдау мақсатында құрылған.

Осы мамандықтарға түсу үшін талапкерлердің дін негіздері бойынша білімі мен кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін сұқбаттасу түрінде емтихан қабылданады.

3 жылдық қысқартылған «6В02202-Дінтану» білім беру бағдарламасына түсушілерге арналған емтихан сұрақтары 

  1. Абайдың діни сенімді интерпретациялаудағы ерекше стилі жайлы баяндаңыз.
  2. Шәкәрімнің шығармашылығындағы ислам негіздері.
  3. Атеизмге түсініктеме беріңіз және діншілдер мен атеистер ұстанымдарының ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз
  1. Әбу Насыр әл-Фараби және оның ғылым тарихындағы орны.
  2. Әлемдік діндердегі қасиетті жазбалар.
  3. Буддизм дінінің тармақтары мен бағыттары жайлы мәлімет беріңіз.
  4. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жұмыс істеу әдістері.
  5. Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндерге қатысты көзқарастар.
  6. Дін мен дәстүр сабақтастығы.
  7. Діни наным-сенім бостандығының әртүрлі көріністерін нақты мемлекеттер мысалында талдаңыз.
  8. Түрлі діндердегі миссионерлік ұғымына сипаттама беріңіз.
  9. Діни сананың компьютеризациясы. Виртуалды шындық мәселелері.
  10. Экстремизм, терроризм, радикализм ұғымдарына концептуалдық талдау.
  11. Діннің функцияларын сипаттаңыз.
  12. Дінге қатысты әлеуметтанулық зерттеулер.
  13. Діннің шығу тегіне қатысты теориялар.
  14. Жаңа діни ағымдардың пайда болу себептері.
  15. Жастар және діни жаңашылдық ұғымы.
  16. Ислам дінінің тарихын кезеңдендіруге қатысты көзқарастарды талдаңыз.
  17. Қазіргі кезеңде әлем аренасындағы ислам дінінің орны.
  18. Ислам мен христиан діндерінің айырмашылықтары мен ұқсас тұстары жайлы баяндаңыз.
  1. Исламдағы негізгі ақидалық бағыттарды атаңыз.
  2. Иудаизм дініндегі қасиетті кітаптар, мазмұны, тарихы, маңызы.
  3. Кеңес үкіметі кезінде мемлекеттің дінге деген көзқарасын көрсететін нақты құжаттар мен қадамдар туралы баяндаңыз.
  1. Кеңестік кезеңдегі ислам дінінің жағдайы туралы мәлімет беріңіз
  2. Қазақ ақын-жырауларының діни көзқарастарына сипаттама жасаңыз.
  3. Қазақ ағартушылық тарихындағы мешіттер мен медреселердің маңызын түсіндіріңіз.
  4. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамдағы орны мен беделі.
  1. Қазақстанда діни ағымдар мен бірлестіктердің еркін қанат жаю себептері.
  2. Қазақстандағы дәстүрлі діндердің жағдайы мен ие болған артықшылықтары.
  3. Қазақстандағы діни жағдай және қазіргі әлемдегі дін.
  4. Қазақстандағы діни секталар туралы мәлімет беріңіз.
  5. Қазақтың діни мәндегі салт-дәстүрлерін сипаттап, негізгі қайнарларын айқындаңыз.
  6. Қазіргі замандағы дін және атеизм арақатынасы
  7. Қазіргі кезеңдегі сопылық
  8. ҚР-дағы діни қызмет және діни бірлестіктер
  9. ҚР-дағы діндер диалогы және діни төзімділік идеялары.
  10. ҚР-дағы діни ахуалға дінтанулық талдау жасаңыз.
  11. Қытай халқының діни сенім жүйесі.
  12. Ислам дініндегі мерекелік күндер, айлар туралы мәлімет беріңіз.
  13. Протестанттық бағыттың пайда болу тарихы.
  14. Сопылық ілімнің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
  15. Хадис ілімінің маңызы, мазмұны.
  16. Таблиғ жамағатының қалыптасуы мен ілімдік ерекшеліктері.
  17. Діндер классификациясына қатысты теорияларды баяндаңыз.
  18. Христиан дініндегі басты бағыттар, олардың даму тарихы.
  19. Христиан дінінің тарихтағы «мемлекеттік дін» статусындағы жағдайын сипаттаңыз.
  1. Христиандықтағы үштік сенім жайлы түрлі көзқарастар.
  2. Библия құрылымы, мазмұны, тарихы және маңызы.
  3. Библия тілі, аудармалары және аудармаға қатысты мәселелер.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Армстронг К. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық

ізденіс: құдайтану баяны / ауд. Д.Кенжетай, К.Қаратышқанова, А.Тасболат // — Алматы, 2018

  1. Байтенова Н., Затов Қ., Құлсариева А., Құрманалиева А., Дінтану негіздері. А., 2006
  2. Ержан Қ, Махмет М., Салыстырмалы діндер тарихы. Алматы: 2017.
  3. Религии мира. Энциклопедия. -Москва, 2007
  4. Васильев Л.С. История религий Востока. 8 изд.-М., 2006
  5. Байтенова, Н. Ж.,  Бейсенов Б. Қ., Абжалов С. В. Исламдағы секталармен бағыттар. Оқу-әдістемелік құралы. Әл-Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті -Алматы: Қазақ университеті, 2013 . — 110 б.
  1. Шабан Өз. Ислам тарихы / ауд. Есімқұлов Е.Н. – Алматы, 2018. – 352 б.
  2. Құрманбаев Қ. Есімқұлов Е. Ислам тарихы (Әділетті бес халифа кезеңі).Алматы: Munara баспасы, 2018. 232 б.
  1. Босворт К. Э. Мұсылман әулеттері. ауд. Е. Әбен. — Алматы : Дайк-Пресс,
  2. — 424 б.
  3. Хизметли С. Ислам тарихы. Алғашқы кезең: Оқулық/ Ауд. М.З. Якши. – Алматы, 2014. 588 б.
  4. Август М. История ислама. С основания до новейших времен. 2-томах –Москва: Центраһполиграф. 2018.
  5. Б. Қ. Бейсенов., А.Р. Игисенова. Христиандық тарихы. (Оқу құралы).Алматы: Қазақ университеті, 2016. 171 б.
  1. Дворкин А.Л. Сектоведение. Тоталитарные секты. Опыт систематического исследования. — 3-е изд., перераб. и доп. — Н. Новгород: Изд-во Братства во имя Св. Велик. кн. Александра Невского, 2009.
  2. Основы религиоведения Учеб./ И. Н. Яблоков и др.; Под ред. И. Н.Яблокова.- М.:Высш. шк., 1994.- 368 с.ISBN 5-06-002849-6
  1. Самыгин С.Н., Нечипуренко В.Н., Полонская И.Н Религиоведение: Социология и психология религии. — Р/Д.: Феникс, 2006. –672с.
  2. Асан Т. Балапанова А.С. Козырев Т.А. Қазақстанның дін жөніндегі мемлекеттік саясаты. Алматы: «Қазақ университеті», 2013
  1. Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер/ Жауапты ред.Н.Бәйтенова. Алматы: «Әрекет-принт», 2009ж.
  1. Алтаев Ж.А., Ғабитов Т.Х., Қасабек А.К., Муханбеталиев Қ.М.Философия және мәдениеттану А.: Эверо, 2004.
  1. Ш. Рысбекова, Қ. Борбасова, А. Құрманалиева. Діндер тарихы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Алматы, 2014. — 150 б.
  1. Махмет М., Яһудилік. Нұр-Мүбарак баспасы, Алматы, 2019. – 160б.
  1. Байтенова Н.Ж. және т.б. Дінтану: эциклопедиялық сөздік. Қазақ университеті баспасы. Алматы, 2018. – 2 том.
  1. Т. Кеңшілік, Мораль және дін. – Астана, 2012. – 225 б.
  2. Т.Х, Ғабитов, Қазақ философиясы. Раритет баспа компаниясы, Алматы,
  3. – 280.
  4. Бейсенов Бағдат Қайбылдаұлы, Қазақ ойшылдары. Көкжиек баспасы, Алматы, 2015. – 192.
  1. Асқаров Л.Ә., Исмағанбетова З.Н. Ежелгі шығыстың рухани қайнарлары:оқу әдістемелік құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.
  1. Ж.Ж. Молдабеков, Ежелгі үнді және қытай философиясы. Қазақ университеті, Алматы, 2012. – 242 б.
  1. М. Әшімбаев, Ә. Асқаров және т.б., Шығыс философиясы. Жазушы баспасы, Алматы, 2009. – 480 б.
  1. Ғабитов Т. Х. Мәдениеттану: оқулық. – Алматы: Раритет, 2005.
  2. Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 1988.
  1. Ж. Алтаев, Ж. Әмірқұлов, Әл-Фараби және ислам философиясы, Қазақ университеті баспасы, Алматы, 2012, — 162 б.