Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Дінтану (Екінші жоғарғы білім) қабылдау бағдарламасы 2020-2021

«6В02205-Дінтану» Екінші жоғарғы білім, Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша емтихан өткізу туралы

Жалпы ережелер

Екінші жоғарғы білім, қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша «6В02205-Дінтану» Білім беру бағдарламасына түсетін талапкерлер үшін қабылдау емтиханы сұхбаттасу түрінде өткізіледі.

Емтиханның мақсаты талапкерлердің дін негіздері бойынша білімі мен кәсіпке жарамдылығын тексеру болып табылады.

Емтиханды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде құрылған қабылдау комиссиясы өткізеді.

Емтихан 2020 жылдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Білім беру бағдарламасы бойынша емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұны жоғары оқу орнымен дербес анықталады.

Емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.

Емтихандардың кестесін (күні, уақыты және өткізілетін орны, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.

Емтихан «өтті/өпеді» деп бағаланады.

Емтиханды қабылдау тәртібі

Емтихан өткізу аудиториясына жіберуді және сұхбат өткізу кезінде осы қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.

Емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.

Талапкер емтиханға кестеде керсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.

Талапкер емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.

Сұхбат өткізу кезінде аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.

Емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкүндік жасалады.

Сұхбаттасу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.

Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол емтиханды жазбаша өтініші мен емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.

Емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар:

-талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);

-төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады).

-дәлелді себептер бойынша емтиханға келмеген тұлғалар оған емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жiбepiлeдi.

Дәлелсіз себептермен емтиханға келмеген талапкерлер емтиханға жіберілмейді.

Емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомостымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.

Емтиханның қорытындысы ведомостпен және пәндік комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.

Емтихан нәтижелері тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.

Сұхбаттасу нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.

Талаптарды сақтауды және сұхбаттасу кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде емтихан тапсырушы тұлғалардық құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бip күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әpбip тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі қарастырылмайды.

Емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

Нормативтік талаптар

«6В02205-Дінтану» Екінші жоғарғы білім, қашықтықтан оқыту технологиясына түсуге ынта білдірген талапкерлердің кәсіби біліктілігін тексеруді талап ететін сұхбаттасу мамандықтар қатарына жатады.

Түсу емтихандарының бағдарламасы мен талаптары шығармашылық қабілеттері бар, дін негіздері бойынша белгілі деңгейде сауатқа ие тұлғаларды таңдау мақсатында құрылған.

Осы білім беру бағдарламасына түсу үшін талапкерлердің дін негіздері бойынша білімі мен кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін сұқбаттасу түрінде емтихан қабылданады.

«6В02205-Дінтану» Екінші жоғарғы білім, қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқуға түсушілерге арналған емтихан сұрақтары

  • Діндердегі миссионерлік қызметті қалай түсінесіз?
  • Дін ғылымға кедергі бола ала ма?
  • Ислам дінінің (басқа діндерден) қандай ерекшеліктерін білесіз?
  • Ислам дінінің пайда болуы жайында қысқаша мәлімет беріңіз
  • Ұлттық және әлемдік діндер дегеніміз не?
  • Қазақ еліндегі ислам мәдениетінің ошақтары
  • Қазақстанда діни ағымдар мен қауымдардың көбеюіне не себеп болды
  • Інжіл туралы не білесіз?
  • Қазақстандағы діни ахуалдың күй-жайын түсіндіріңіз
  • Қазақ даласында кең таралған қандай 3 дінді білесіз?
  • Дін дегеніміз не ?
  • Қандай мұсылман мерекелерін білесіз?
  • Қазақтың діни мәндегі салт-дәстүрлері туралы мәлімет беріңіз
  • Қазіргі Қазақстандағы ең маңызды діндер
  • «Әруақ» сөзі қазақ тіліне қай тілден енген және қазақ дәстүріндегі бұл ұғымның маңызы жайлы мәлімет беріңіз
  • Исламдағы періштелерге, Қиямет күніне сенудің маңыздылығы
  • Қазақстандағы қандай дәстүрлі діндерді білесіз және олардың сипаттамасы
  • Діни экстремизм мен терроризмге қандай анықтама бересіз
  • Исламның бес шартына қысқаша тоқталыңыз
  • Қазақ ақын-жырауларының діни көзқарастарына түсініктеме жасаңыз
  • Имам Ағзам Әбу Ханифа кім?
  • Атеизмді дінге жатқызуға бола ма?
  • Мұхаммед пайғамбардың адамзат тарихына қандай әсері болды?
  • Абай мен Шәкәрімнің ислам діні туралы айтқан пікірлері
  • Ежелгі қазақ сенімі мен исламдық құндылықтар арасындағы ұқсастықты, үндестікті түсіндіріңіз
  • Сүннет дегеніміз не?
  • Діннің қазіргі қоғамдағы рөлі
  • Экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары
  • ҚР-да қанша діни бірлестік бар және қандай
  • Ислам дінінде қанша мәзһаб бар және қандай?
  • Әбу Насыр әл-Фараби және оның ғылым тарихындағы орны жайлы әңгімелеңіз
  • Сүннет пен хадистің айырмашылығы
  • Кеңес үкіметі кезінде дінге деген көзқарай қалай болды?
  • Қазақстандағы діни жағдайға қандай баға бересіз?
  • Ислам мен христиан дінінің бір-біріне ұқсас тұстары бар ма? Болса қандай?
  • Исламдағы харам түсінігі және тыйым салынған әрекеттер туралы мәлімет беріңіз
  • Исламның Батыс мәдениетіне ықпалы қаншалықты үлкен болды?
  • Иудаизм дініндегі қасиетті кітабы жайында мәлімет беріңіз
  • Мұхаммед Пайғамбардың ислам дінін тарату үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданды?
  • Буддизм діні жайлы не білесіз?
  • Исламдағы парыз мен сүннет амалдар жайлы әңгімелеңіз
  • Құранда қанша сүре бар және ең ұзын сүрені атаңыз
  • Христиан дінінің пайда болу, даму тарихын баяндаңыз
  • Сопылық ілімінің мақсаты, көздегені не?
  • Қазақ діни ағартушылық мәдениетіндегі мешіттер мен медреселердің маңызын түсіндіріңіз
  • Абай шығармашылығындағы діни мазмұн жайлы әңгімелеңіз
  • Пайғамбардың сахабалары арасында ең танымалдары кімдер?
  • Кеңестің кезеңде діндерге неге қысым жасалды?
  • Қазақ даласында исламға дейін таралған сенімдер
  • Ислам дініндегі ең негізгі құлшылықтар (ғибадат)
  • Әлемдік діндердің қандай қасиетті жазбалары бар?
  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының елдегі мұсылман қоғамы үшін маңыздылығы жайында әңгімелеңіз
  • Діндерді қалай классификациялауға болады?
  • Дін мен дәстүр сабақтастығы.
  • Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер дегенді қалай түсінесіз?
  • Қазақстандағы діни секталардың таралуына не себеп болды?
  • Мұхаммед пайғамбардың мінезі қандай болатын?
  • Христиан дініндегі «үштік сенім» туралы не білесіз?
  • Дінде еркін ойлаушылыққа рұқсат беріле ме?
  • Қазақстанда қандай ұлттық және діни мейрамдар тойланады? және олардың ерекшеліктері

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  • Армстронг К. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: құдайтану баяны / ауд. Д.Кенжетай, К.Қаратышқанова, А.Тасболат // — Алматы, 2018
  • Байтенова Н., Затов Қ., Құлсариева А., Құрманалиева А., Дінтану негіздері. А., 2006
  • Ержан Қ, Махмет М., Салыстырмалы діндер тарихы. Алматы: 2017.
  • Религии мира. Энциклопедия. -Москва, 2007
  • Васильев Л.С. История религий Востока. 8 изд.-М., 2006
  • Байтенова, Н. Ж.,  Бейсенов Б. Қ., Абжалов С. В. Исламдағы секталар мен бағыттар. Оқу-әдістемелік құралы. Әл-Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті — Алматы: Қазақ университеті, 2013 . — 110 б.
  • 2 Феномен человека. Онтология. М., 1993.
  • 3 Шпет Г.Г. Явление и смысл феноменологии как основная наука и ее проблемы. М. , 2011.
  • 4 Элиаде М.Аспекты мифа. М., 1995.
  • 5 Основы религиовдения. Учеб. Под.ред. И.Н. Яблокова.М., 1998