Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

ДІНТАНУ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ (3 жылдық қысқартылған)

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

3 жылдық қысқартылған «6В022002-Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша емтихан өткізу туралы ереже

Жалпы ережелер

 

3 жылдық (қысқартылған) «6В022002-Дінтану» білім беру бағдарламасына түсетін талапкерлер үшін қабылдау емтиханы сұхбаттасу түрінде өткізіледі.

Емтиханның мақсаты талапкерлердің дін негіздері бойынша білімі мен кәсіпке жарамдылығын тексеру болып табылады.

Емтиханды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде құрылған қабылдау комиссиясы өткізеді.

Емтихан 2019 жылдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Мамандық бойынша емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұны жоғары оқу орнымен дербес анықталады.

Емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.

Емтихандардың кестесін (күні, уақыты және өткізілетін орны, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.

Емтихан «өтті/өпеді» деп бағаланады.

 

Емтиханды қабылдау тәртібі

Емтихан өткізу аудиториясына жіберуді және сұхбат өткізу кезінде осы қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.

Емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.

Талапкер емтиханға кестеде керсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.

Талапкер емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.

Сұхбат өткізу кезінде аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.

Емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкүндік жасалады.

Сұхбаттасу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.

Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол емтиханды жазбаша өтініші мен емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.

Емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар:

-талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);

-төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады).

-дәлелді себептер бойынша емтиханға келмеген тұлғалар оған емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жiбepiлeдi.

Дәлелсіз себептермен емтиханға келмеген талапкерлер емтиханға жіберілмейді.

Емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомостымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.

Емтиханның қорытындысы ведомостпен және пәндік комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.

Емтихан нәтижелері тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.

Сұхбаттасу нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.

Талаптарды сақтауды және сұхбаттасу кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде емтихан тапсырушы тұлғалардық құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бip күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әpбip тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі қарастырылмайды.

Емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

 

Нормативтік талаптар

«6В022002-Дінтану» білім беру бағдарламасына (3 жылдық қысқартылған) түсуге ынта білдірген талапкерлердің кәсіби біліктілігін тексеруді талап ететін сұхбаттасу мамандықтар қатарына жатады.

Түсу емтихандарының бағдарламасы мен талаптары шығармашылық қабілеттері бар, дін негіздері бойынша белгілі деңгейде сауатқа ие тұлғаларды таңдау мақсатында құрылған.

Осы мамандықтарға түсу үшін талапкерлердің дін негіздері бойынша білімі мен кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін сұқбаттасу түрінде емтихан қабылданады.

 

 

3 жылдық қысқартылған «6В022002-Дінтану» білім беру бағдарламасына түсушілерге арналған емтихан сұрақтары

 

  1. Абай мен Шәкәрімнің ислам діні туралы көзқарастары
  2. Абайдың діни көзқарастарының ерекшеліктері
  3. Атеизмге түсініктеме беріңіз және діншілдер мен атеистер ұстанымдарының ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз
  4. Әбу Насыр әл-Фараби және оның ғылым тарихындағы орнын түсіндіріңіз
  5. Әлемдік діндердің қасиетті жазбаларын сипаттаңыз
  6. Буддизм дінінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
  7. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жұмыс істеу әдістері
  8. Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер дегенді қалай түсінесіз?
  9. Дін мен дәстүр сабақтастығы.
  10. Дінге еркіндікке қалай қарайсыз?
  11. Діндердегі миссионерлік қызметті қалай түсінесіз?
  12. Діни сананың компьютеризациясы. Виртуалды шындық мәселелері
  13. Діни экстремизм мен терроризмге қандай анықтама бересіз
  14. Діннің қазіргі қоғамдағы атқаратын қызметтері
  15. Діннің қоғам тарихындағы орны мен маңызы
  16. Діннің шығу тегіне қатысты концепциялар
  17. Жаңа діни ағымдардың пайда болу себептері
  18. Жастар және діни жаңашылдық
  19. Ислам дінінің өзге діндерден өзіндік ерекшеліктері
  20. Ислам және қазіргі заманғы әлем
  21. Ислам мен христиан дінінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз
  22. Исламдағы негізгі бағыттарды атаңыз
  23. Иудаизм дінінің қасиетті кітабы жайында мәлімет беріңіз
  24. Кеңес үкіметі кезінде мемлекеттің дінге деген көзқарасына тоқталыңыз
  25. Кеңестің кезеңдегі ислам дінінің жағдайы туралы мәлімет беріңіз
  26. Қазақ ақын-жырауларының діни көзқарастарына түсініктеме жасаңыз
  27. Қазақ діни ағартушылық мәдениетіндегі мешіттер мен медреселердің маңызын түсіндіріңіз
  28. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамдағы орны
  29. Қазақстанда діни ағымдар мен қауымдардың көбею себептері
  30. Қазақстандағы дәстүрлі діндер
  31. Қазақстандағы діни жағдай және қазіргі әлемдегі дін
  32. Қазақстандағы діни секталар туралы мәлімет беріңіз
  33. Қазақтың діни мәндегі салт-дәстүрлері туралы мәлімет беріңіз
  34. Қазіргі замандағы дін және атеизм мәселесі
  35. Қазіргі кезеңдегі сопылық
  36. ҚР-ғы діни бірлестіктер
  37. ҚР-да діндер диалогы және діни төзімділік идеялары
  38. ҚР-дағы діни ахуалға діни талдау жасау
  39. Қытай халқының басқа халықтардан діни ерекшелігі
  40. Мұсылмандық мерекелер туралы мәлімет беріңіз
  41. Протестанттық бағыттың пайда болу тарихы
  42. Сопылық ілімнің ерекшеліктерін түсіндіріңіз
  43. Сүннеттің ислам дініндегі орнын анықтаңыз
  44. Таблиғ жамағаты
  45. Ұлттық және әлемдік діндерді атаңыз
  46. Христиан дініндегі басты бағыттар
  47. Христиан дінінің пайда болу, даму тарихын баяндаңыз
  48. Христиандағы үштік сенімді қалай түсінесіз.
  49. Шәкәрімнің діни көзқарастары
  50. Библия – христиандардың қасиетті кітабы ретінде

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

  1. Армстронг К. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: құдайтану баяны / ауд. Д.Кенжетай, К.Қаратышқанова, А.Тасболат // — Алматы, 2018
  2. Байтенова Н., Затов Қ., Құлсариева А., Құрманалиева А., Дінтану негіздері. А., 2006
  3. Ержан Қ, Махмет М., Салыстырмалы діндер тарихы. Алматы: 2017.
  4. Религии мира. Энциклопедия. -Москва, 2007
  5. Васильев Л.С. История религий Востока. 8 изд.-М., 2006
  6. Байтенова, Н. Ж.,  Бейсенов Б. Қ., Абжалов С. В. Исламдағы секталар мен бағыттар. Оқу-әдістемелік құралы. Әл-Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті — Алматы: Қазақ университеті, 2013 . — 110 б.