• Бас бет
  • Дінтану мамандығы бойынша шығармашылық емтихан бағдарламасы

Дінтану мамандығы бойынша шығармашылық емтихан бағдарламасы

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

«5В020600» -Дінтану білім беру бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихан өткізу туралы 

Жалпы ереже

Осы Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары (бұдан әpi — шығармашылық емтихан) Дінтану білім беру бағдарламасына түсетін талапкерлер үшін өткізіледі.

Шығармашылық емтиханның мақсаты талапкерлердің шығармашылық қабілеттері және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгерудегі тұлғалық алғышарттарын тексеру болып табылады.

Шығармашылық емтиханды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде құрылған қабылдау комиссиясы өткізеді.

Шығармашылық емтиханның саны екіге тең.

Мамандық бойынша шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұны жоғары оқу орнымен дербес анықталады.

Шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.

Шығармашылық емтихандардың кестесін (пәннің атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, кеңестер, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кейін кешіктірілмей талапкердің назарына ұсынылады.

Шығармашылық емтихан 40 балдық жүйе бойынша бағаланады. Шығармашылық емтиханның нәтижесі бойынша, олардың сәтті өткенін растайтын ең төменгі балл саны — 15 балл.

Бірінші шығармашылық емтиханда белгіленген балл санынан төмен алған талапкер келесі емтиханға жіберілмейді.

Шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі

Шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жіберуді және емтиханды өткізу кезінде осы қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.

Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.

Талапкер шығармашылық емтиханға кестеде керсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталуға 30 минут қалғанда жіберіледі.

Талапкер шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.

Шығармашылық; емтиханды өткізу кезінде бip орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді телефондарды кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.

Шығармашылық емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіліп, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкүндік жасалады.

Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.

Шығармашылық емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды рәсімдеуге қатысты ережелер түсіндіріледі. Сондай-ақ шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың және аппеляция өткізудің уақыты мен орны көрсетіледі.

Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтайды:

емтихан алушының көрсеткен орынға отыру;

тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа талапкерлермен сөйлеспеу;

аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;

шығармашылық емтихан аяқталғанша емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.

Осы қағидаларды бұзған жағдайда талапкер аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан жұмысының титулдық парағына емтихан алушының қолымен расталған шығару ceбебi туралы жазылады. Талапкердің орындаған жұмысы жойылады.

Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда жазбаша өтініші мен шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға рұқсат алады.

Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар:

талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);

төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады).

Дәлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жiбepiлeдi.

Дәлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға жіберілмейді.

Шығармашылық емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Емтихан жұмыстарын тексеру тек жоғары оқу орнының ғимаратында жүргізіледі.

Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пәндік комиссияның мүшелері жүргізеді.

Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомостымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.

Шығармашылық емтиханның қорытындысы ведомостпен және пәндік комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.

Емтихан алушымен сарапталған жоғары және төмен балл жинаған және 5% қалған жұмыстарын пәндік комиссияның төрағасы емтихан жұмыстарын қосымша тексереді.

Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостері және бағалары мен емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.

Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.

Талаптарды сақтауды және шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтихан тапсырушы тұлғалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтініштерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтініш шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бip күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әpбip тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтініші апелляцияда қарастырылмайды.

Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалардың  екі пәнінің ұпайы есептеледі: оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы.

Шығармашылық емтихан қабылдаудың балдық жүйесі

Әріптік баға Балдың сандық эквиваленті Балл саны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
A 5 35-40 өте жақсы
B 4 25-34 жақсы
C 3 15-24 қанағаттанарлық

Нормативтік талаптар

«Дінтану» білім беру бағдарламасы талапкерлердің кәсіби біліктілігін тексеруді талап ететін шығармашылық мамандықтар қатарына жатады.

Түсу емтихандарының бағдарламасы мен тапсырмалары шығармашылық кабілеттері бар, дін негіздері бойынша белгілі деңгейде сауатқа ие тұлғаларды таңдау мақсатында кұрылған.

Осы мамандықтарға түсу ушін талапкерлер арнайы пәндер бойынша 2 шығармашылық емтихан тапсырады:

  1. Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу
  2. Дін негіздері бойынша ауызша емтихан.

«5В020600-Дінтану» мамандығына түсушілерге арналған емтихан сұрақтары

  1. Дін сөзіне қандай анықтама бересіз ?
  2. Діндердегі миссионерлік қызметті қалай түсінесіз?
  3. Ислам діні жайында қысқаша мәлімет беріңіз
  4. Құранның мәні мен маңызын түсіндіріңіз
  5. Қазақ топырағындағы ислами мәдениет ошақтары
  6. Інжіл – христиандардың қасиетті кітабы ретінде
  7. Қазақстандағы діни ахуалға баға беріңіз
  8. Ислам дініндегі төрт мәзһаб жайында баяндаңыз
  9. Әбу Насыр әл-Фараби және оның ғылым тарихындағы орнын түсіндіріңіз
  10. Мұсылмандық мереклер туралы мәлімет беріңіз
  11. Қазақтың діни мәндегі салт-дәстүрлері туралы мәлімет беріңіз
  12. Қазақ даласына тараған қандай діндерді білесіз
  13. Исаның христиан дініндегі тұлғасы
  14. Қазақ ақын-жырауларының діни көзқарастарына түсініктеме жасаңыз
  15. Діни экстремизм мен терроризмге анықтамаңыз
  16. Исламның бес шартына қысқаша тоқталыңыз
  17. Дін мен ғылымның арақатынасы жайлы не айтасыз?
  18. Абай мен Шәкәрімнің ислам діні туралы көзқарастары
  19. Ежелгі қазақ сенімі мен исламдық құндылықтар арасындағы ұқсастықты, үндестікті түсіндіріңіз
  20. Сүннет дегеніміз не?
  21. Сүннеттің ислам дініндегі орны
  22. Имам Ағзам Әбу Ханифаның өмірі жайында қысқаша мәлімет беріңіз
  23. Атеизмге түсініктеме беріңіз және діни мен атеистік ұстанымдардың ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз
  24. Қазақстанда діни ағымдар мен қауымдардың көбею себептерін жазыңыз
  25. Мұхаммед пайғамбардың елшілікке дейінгі өміріне шолу жасаңыз
  26. Кеңес үкіметі кезінде мемлекеттің дінге деген көзқарасына тоқталыңыз
  27. Құранның оқу-білімге деген ұстанымын түсіндіріңіз
  28. Ислам мен христиан дінінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз
  29. Абай шығармашылығындағы діни көріністерді айтыңыз
  30. Пайғамбардың сахабалары туралы мәлімет беріңіз
  31. Кеңестің кезеңдегі ислам дінінің жағдайы туралы мәлімет беріңіз
  32. Ежелгі қазақ сеніміндегі төрт түлік малдың киелері мен иелері
  33. Исламдағы харам түсінігі және тыйым салынған әрекеттер туралы мәлімет беріңіз
  34. Мұса мен Нұх пайғамбар жайында қысқаша мәлімет беріңіз
  35. Исламның Батыс мәдениетіне ықпалын түсіндіріңіз
  36. Иудаизм дінінің қасиетті кітабы жайында мәлімет беріңіз
  37. Мұхаммед Пайғамбардың ислам дінін тарату мен насихаттаудағы қызметін ашып көрсетіңіз
  38. Буддизм дінінің ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз
  39. Парыз дегеніміз не?
  40. Исламдағы нәпіл құлшылықтар туралы мәлімет беріңіз
  41. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары
  42. Құрандағы сүрелер мен аяттар турасында түсінік беріңіз
  43. Христиандықтың пайда болу, даму тарихын түсіндіріңіз
  44. Ансарлар мен мұхажирлер деп кімдерді айтамыз
  45. Сопылық ілімнің ерекшеліктерін түсіндіріңіз
  46. Қазақ діни ағартушылық мәдениетіндегі мешіттер мен медреселердің маңызын түсіндіріңіз
  47. Дін мен дәстүр сабақтастығы.
  48. Әруақ сенімінің қазақтар арасындағы мәнін ашыңыз
  49. Қазақстандағы дәстүрлі діндер және ел тарихы мен мәдениетіндегі орны
  50. Сахабалар деп кімдерді айтамыз
  51. Қазақстандағы діни ағымдар туралы мәлімет беріңіз
  52. Мұхаммед пайғамбардың өнегелік, адамгершілік қасиеттері
  53. Христиан дініндегі үштік сенімді қалай түсінесіз.
  54. Діни сенім бостандығына қалай қарайсыз?
  55. Қазақстанда тойланатын діни мерекелер және олардың ерекшеліктері
  56. Ислам дініндегі негізгі құлшылықтар (ғибадат)
  57. Әлемдік діндердің қасиетті жазбаларын сипаттаңыз
  58. Исламда мазһаб ұстанудың маңыздылығын ашып көрсетіңіз
  59. Исламдағы періштеге сенудің маңыздылығы
  60. Діннің қоғамда атқаратын қызметтері