Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

«6М020600-Дінтану» мамандығына қабылдау емтихан бағдарламасы

  1. Мамандыққа қабылдау емтихандарының мақсаты мен міндеттері

Магистратураға қабылдау емтихандарының мақсаты – талапкерде профессионалды дінтану саласында, оған жеке түрде әртүрлі деңгейдегі міндеттерді орындайтын негізгі кәсіби жауапкершілік пен білімнің қалыптасуын бағалау болып табылады.

Емтихан міндеттері:

  1. Магистр дәрежесін ізденушінің теориялық және тәжірибелік дайындық дәрежесін, ғылыми білімді ЖОО-да және мектепте дінтану білімін ұйымдастыруында қолдана білуін бағалау;
  2. Кәсіби салада типті міндеттерді шешу үрдісінде білімді біріктіре білу және қалыптастыру дәрежесін анықтау;
  3. Ақпараттық және коммуникативтік мәдениет білімділік дәрежесін анықтау;
  4. Жалпы мәдени ережелер және кәсіби ынталандырудың қалыптасу дәрежесін енгізу.

«Қабылдау емтихан формасы – күрделенілген ауызша-жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушы өзінің емтихан билеттерінің сұрақтарына жауапты жауап қағазына жазып, емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляцияға берген кезде жауап қағазындағы жазба аппеляция негізіне алынады».

 

  1. «6М020600 — Дінтану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар

Емтиханда ізденушілер өз алдына зерттеу жүргізудің жаңа тәсілдерін үйрену, кәсіби функцияларды іске қосуымен байланысты міндеттер мен мақсаттарды қоя білу дәрежелерін көрсету керек. Оларды шешуде алынған ғылым әдістерін қолдануға дайын болу, адамзат пен мемлекет алдында істеген кәсіби және ғылыми іс нәтижелеріне жауап беру, демократиялық сенім мен гуманистік құндылықтар негізінде құрылған белсенді азаматтық позиция ұстану, кең кәсіби салада шығармашылығын көрсете білу, өз мамандығының қоғамдағы орнын түсіне білу, кәсіби міндеттерді орындауда жоғары ынталандыруға, іске үлкен жауапкершілікке ие болу, азаматтық және кәсіби борыш сезіміне ие болу, жаңа идеялар ойлап табу қасиетіне ие болу, өзінің мүмкіншіліктерін жоғарылату, қоғам және этикалық нормаларға әсер етпей өз саласында оптималды стратегияларды жасау, жаңа немесе төтенше жағдайларда мәселерді шеше білу және істеген ісіне жауап беру секілді қасиеттерді бойына дарыта білу керек. 

 

  1. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері

Пререквизиттар қатарына кіреді: «Діндер тарихы» — 4 кр, «Дін философиясы» 3 кр, «Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер» — 3 кр

 

  1. Емтихан тақырыбының тізімі

«Діндер тарихы» пәні

  1. Діндер тарихының пәні және діннің мәні

Діннің пайда болуы және оның маңызы туралы теологиялық, философиялық, социологилық, психологиялық және т.б. тұжырымдамалар. Діннің құрылымы мен элементтері. Діни таным, иман діни танымның интегративті қасиеті сипатында. Діннің функциялары.

Діндер тарихының пәнінің мақсаты мен міндеттері. Шетел және Қазақстан ғалымдарының діндер тарихы зерттеулері. Діннің қазіргі әлемдегі ролі және діндер тарихын оқудың өзектілігі.

Дін тұжырымдамалары: теологиялық, философиялық әлеуметтанулық, психологиялық, этиологиялық, мифтік-лингвистикалық.

  1. Діннің құрылымы, қызметі, түрлері, жіктелуі және шығу тегі

Діннің негізгі элементтері. Діни сенімнің негізгі сипаттамасы – жоғары тылсым күшке сену. Дін ілімі. Діни іс-әрекет. Діни ұйым түрлері мен құрылысы, ұйымдасу типтері. Діннің қоғамдағы әлеуметтік қызметтері. Діннің қоғамдағы рөлі мен орны.

Діндердің саналуандығы және түрлері. Діндердің саналуандығының себептері. Діндерді жіктеудің өлшемдері мен ұстанымдары.

Діннің шығу тегі мәселесі. Зерттеудің теологиялық және ғылыми тәсілдері. Ғылымдағы фактілерді түсіндірудегі айырмашылықтар. Діннің шығу тегіне қатысты әлеуметтанулық, псхологиялық, философия-гносеологиялық тұжырымдамалар. Діннің шығу тегіне қатысты бейтараптық тәсіл.

  1. Көне діни наным сенімдер және ежелгі өркениет діндері

Алғашқы қауымдық діни сенімдер. Тотемдік. Тотемдіктің әлеуметтік және психологиялық негіздері. Тотемдіктің әлеуметтік қызметтері. Анимизм. Анимизмнің ежелгі сенім нысаны ретінде ерекшелігі. Фетиш. Фетиш сенімінің негізі. Фетиштің шығу себептері. Фетиштік және пұтқа табынушылық. Фетиштік сенім элементтерінің қазіргі діндерде көрінуі. Магия. Магияның шығу тегі. Магияның мақсаты, әсер етуі мен әдістеріне қарай жіктелуі. Магия және дін. Бақсылық (шаман). Бақсылықтың шығу тегі және анықтамасы. Бақсының таңдалынуы және бақсылық іс-әрекет. Бақсы құрал-саймандары. Бақсылықтың дінге қатынасы.

  1. Ежелгі өркениет діндері.

Ежелгі Мысыр діні. Көне Мысыр дінінің ерешелігі және тарихи дамуы. Ежелгі Қосөзен діндері. Ежелгі Месопотамия діндерінің даму ерекшеліктері. Ежелгі Грек және Рим діндері. Ежелгі римдіктердің діни сенімдерінің шығу тегі.

  1. Ұлттық діндер:

Иудейлік діні. Иудейлік еврей халқының ұлттық діні. Еврейлердің көне тарихы және қасиетті мәтін Танахтың қалыптасуы. Иудейлік дінінің сенім негіздері, он бұйрық. Бір Тәңірге сену. Қасиетті кітабы-Танах жинағы, Тәурат және оларға түсіндірме Талмуд. Діни ғибадат ерекшеліктері. Тәуратты жиі оқу. Діни рәсімдер: сүндеттеу, жерлеу. Синагога және раввиндер. Иудейлік дінінің ерекшелігі.

Иудейліктің негізгі бағыттары: дәстүршіл, карайым, каббала мистикалық ілімі, хасидтік. Еврей ұлттық мемлекетінің құрылуы (1947 ж).

Үнді діндері. Үнді діндерінің қайнарлары. Ведалық кезең: Ежелгі арилердің діни сенімдері. Көне арилер. Ведалық мәтіндер: ведалар (Яджурведа, Атхарваведа, Самаведа, Атхарваведа), Брахмандар, Араняктар, Упанишад.

Брахмандық кезең: касталық жүйе, дхарма, карма, санасара және мокша туралы ілімдер. Б.д.д VI ғ. Брахмандық дәуір дағдарысы.

Индуизм. Вишну және Шиваға табыну. Шактизм. Кришна және Рамаға табыну. Қианат жасамау қағидасы. Индуизм діни философиясы мен мистикалық йога ілімі.

Сикхы дінінің сенім негіздері және ұйымдасу ерекшелігі. Діни құлшылық және рәсімдер.

Қытай және Жапон діндері. Ежелгі қытайлардың дәстүрлі діни сенімдері. Кофуций және оның ілімі. Ғұрыптар, ата-бабаға ғұрыпы, әлеуметтік ілімі. Білім беру жүйесі және тәрбие. Лаоцзы және діни ілімі. Даодэцзин кітабы. Әрекет етпеу ұстанымы. Қытай дін тарихындағы конфуциандық, даолық және будда діндері. Жапондардың дәстүрлі діні синто. Будда дінінің Жапонияға кіруі және синто дінімен өзарақатынасы. Синто дінінің ағымдары.

  1. Әлемдік діндер:

Будда діні. Үндістанда будда дінінің пайда болуының мәдени-тарихи негіздері. Будда туралы аңыз. Будда ілімінің негізгі қағидаттары. Нирвана ұғымы. Алғашқы буддалық монахтық қауымдардың құрылуы. Үшқоржын-Трипитака. Будда дінінің әлемге таралуы. Будда діні рәміздерінің қалыптасуы. Діннің екі ағымға бөлінуі: хинаяна және махаяна және олардың айырмашылықтары. Ваджраяна бағыты — буддалық тантризм. Бодхисатв ілімі. Негізгі құлшылық обьектілері, дүние, жан, адам, сансара және карма түсініктері. Будда діни тәжірибесіндгі діни медитацияның маңызы. Будда діні мейрамдары. Қытайдағы будда. Тибеттегі будда діні.

Христиан діні. Христиан дінінің пайда болуының тарихи және идеялық алғы шарттары. Жаңа Өсиет. Ерте христиандық: діни қауымдастықтан мемлекеттік дінге дейін жетуі. Шіркеу. Әлемдік діни құрылтайлар кезеңінде христиан діни ілімдерінің қалыптасуы. 325 жылы Никей және 385 жылы Константинополь соборларында дін негіздерінің бекітілуі. Діни сенімнің он екі қағидасы және діни құлшылықтың жеті құпия рәсімі. Үштік сенім. Библия және құрылымы: Көне және жаңа Өсиет. Ежелгі шығыс діни шіркеулері: несториан (Ассирия Шығыс шіркеуі), монофизит (Копт православ), Сирия (яковиттік) православ, Армян апостолдық.

Шығыс және батыс христиан шіркеулерінің бөлінуі себептері. Православие: діни сенім мен құлшылықтарының ерекшеліктері. Православиенің ұйымдасу құрылымы. Автокефалды дербес православ шіркеулері.

Католик шіркеуі: діни сенім ерекшелігі, құлшылық және ұйымдасу құрылымы. Католик монахтық ордендері. Ватикан діни теократикалық мемлекеті.

Батыс Еуропадағы реформаторлық қозғалыс және протестантық. Ерте протестан ағымдарының ерекшеліктері (ағылшын шіркеуі, лютеран, калвиндік). Кейінгі протестант ағымдары: баптизм, адвентизм, елуліктер. Протестант діни сенім мен ғибадаттарының ерекшеліктері. Негізгі ұстанымдары. Қазіргі христиандық.

Ислам діні.

Ислам дінінің шығуы мен қалыптасуы. Ислам дінінің пайда болуының экономикалық, саяси және әлеуметтік алғышарттары. Исламға дейінгі араб түбегіндегі жағдай. Исламға дейінгі арабтардың наным-сенімдері. Ханифтер қозғалысы. Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметі. Мұхамедтің пайғамбарлық қызметінің басталуы. Мединадағы ислам қауымы. Алғашқы халифтердің қызметі. Халифат. Ислам дінінің жайылуы. Исламның ілімі, ғибадаты және догматы. Исламның басты қайнарлары. Сенім негіздері, ғибадаттары. Исламның әдеп қағидалары.

 

4.2 «Дін философиясы» пәні

  1. Дін философиясының қалыптасуы

Дін философиялық білім құрылымында. Дін философиясының пәні, мақсаты, мәселелері. Діни көзқарастың рационалдығы мен иррационалдығы. Кейінгі антикалық мәдениеттегі философия мен діннің араласуы. Плотин, Ориген, Августин. Діни сенімнен философиялық сенімге дейін. Спинозаның пантеизмі. Декарт пен Лейбництің теософиялық идеялары. Дін туралы философиялық білімнің жинақталуы және бастамасы. Философия мен діннің ара қатынасы.

  1. Батыс философиясындағы дін философиясы

Нигилизмнің пайда болуы. А.Шопенгауердің пессимизмі. «Әлем ерік пен түсінік сияқты». Адам мен адамзатты феноменді әлемнен сақтау жолдары. Шығыс діндерінің артықшылығы. Аскетизмнің практикасы. Өлімге қатысты көзқарас. Ф. Ницшенің «өмір философиясындағы» мақсаттар мен құндылықтар. «Антихрист». Христиандықты талқылау және оған талдау жасау. Буддизм артықшылығы. «Пұттардың көлеңкесі». Діни антропология және социология. М.Бергсонның статистикалық және динамикалық діні. «Мораль мен діннің екі қайнар көзі». «Мистикалық сезім» түсінігі. М.Вебердің дін социологиясындағы негізгі идеялары. Дін әлеуметтік әрекетке мән беру әдісі ретінде. Адамдардың күнделікті өмірінде дін оқуының рөлі. Адамның әлемді меңгеруіндегі діншілдіктің мәні.

  1. Канттың дін философиясы

И. Кант заттық саланы анықтау. Таным туралы ілімдегі дін мәселелері. Ақылдың үш идеясы – жан, әлем, Құдай. Жанның мәңгілігін дәлелдеу. Физикалық және моральдық теологиялар арасындағы байланыс. Мәңгілік, азаттық, Құдай болмысы парасатындағы постулаттар. Таза ақылға негізделген сенім. «Тек ақылдың шеңберіндегі дін». Дін туралы  философиялық идеяларды талдап қорыту және дамыту. Моральдік және статуарлық дін. Діннің шынайы және табиғи деп бөлінуі. Теология мен діннің ара қатынасы. Этикалық бірлік және нағыз шіркеу.

  1. Гегельдің дін философиясы

Гегельдің философиялық жүйесі және дін. Христиандық Құдай идеясы. Діни сана формаларын талдау. Құдайды тану және сену негізі ретіндегі діни сезім. Пайымдау. Түсінік. Гегель арқылы дінді философиялық категорияларда жете түсіну. Тарихи процестігі дін. Діннің типологиясы.

  1. Л.Фейербахтың дін философиясы

Л.Фейербах «Гегель философиясының сынына». «Болашақтың философиясының» негізгі жағдайлары. Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі. Адам діннің құралы мен мазмұны ретінде. «Христиандықтың мәні» еңбегіндегі «адамның жалпы мәніне» талдау. Құдай мен адамның тепе-теңдігі. Еріктің құдіреттілігі. Дінді философия және өнермен салыстыру. Діннің функционалды алмастырушылары.

  1. К. Маркс пен Ф. Энгельс дін туралы

Диалектикалық материализм және дін. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну. Діннің анықтамасы. Діни шеттету. Діннің қоғамдағы әлеуметтік рөлі мен қызметі. Болашақтың әлеуметтік жобасы және дін.

  1. Философиялық теология жеке философиялық құдайды тану ретінде

Философиялық тұрғыда құдайды танудың теориялық принциптері мен негізгі міндеттері. Дәстүрлі емес және жаңашыл философиялық – теологиялық ізденістер. Теизм, пантеизм және панентеизм. Атеизм, агностецизм және секуляризм. Христиандардың Құдай концепциясы. Мұсылмандардың Құдай концепциясы. ХІХ-ХХ ғ.ғ. қазақ философиясындағы дін концепциясы.

Құдай болмысын дәлелдеудің функциялары мен сипаты және Құдайдың бар екендігін көрсету. Онтологиялық, космологиялық, каламдық дәлел. Аквинат, әл-Газали және әл-Кинди дәлелдері. Құдай болмысының дәстүрлі дәлелдері. Теологиялық дәлел. Ождандық дәлел, діни тәжірибемен дәлел. Құдай болмысының философиялық-антропологиялық негіздері. Құдайдың бар екендігін дәлелдеудің жаңа әдістерін іздеу.

  1. Теология және философия

Теология түсінігі мен мәні. Теологияның теориялық негізденуінің проблемалары. Теологияны ғылымға қатынасы арқылы теориялық негіздеу. Христиандық білім дәстүрінің қалыптасуы. Антикалық кезеңдегі ғылыми теориялар мен идеялардың ассимиляциялануы. Араб теологиясы мен ғылымы. Схоластиканың «Алтын ғасыры». Әлем бейнесінің өзгеруі.

 

4.3 «Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер» пәні

  1. ХХ ғасырдағы дәстүрлi және дәстүрлi емес культтер

Ежелгi культтер және олардың қазiргi заманғы формалары. ХХ ғасыр мәдениетiнде анимизм, фетишизм, және магия. Семиттiк, үндiлiк және қытайлық мәдени матрицалар. Қазiргi заманғы иудаизмнiң постулаттары.

Христиандық пен исламның доктринасы. Православия мен католицизмнiң антитезасы. Қазiргi заманғы протестантизм. Шииттер, суниттер және сопылар. Брахманизм және джайнизм. Буддизмдегi дүниетаным. Тибеттiк қоғам. Кришнаизм және сангха: Дзэн-буддизм және синтоизм докторинасы. Зороастризмнiң эволюциясы. Даосимзнiң негiздерi мен қазiргi замандағы даосизмнiң көрiнуi. Конфуцийшылдық этика және конфуцийшылдықтың социологиясы. Дәстүрлi және синкретикалық дiнтер. «Жаңа дiндарлық» деген не? Жаңа сенiмнiң апостолдары. Қазiргi заманғы дiни этика. ХХ ғасырдың теософиясы.

ХХ ғасыр мәдениетiндегi Шығыстық дүние түсiнiгi. Дзэн және йога. Рамакришнаның миссиясы. Махариши – йогалар. Свами Прабхупада және оның iлiмi. Бахаулланың көзқарастары.

  1. Қазiргi заманғы дiни секталар

ХХ ғасырдағы конфессиональды дiни iлiмдер. Дiни дүниетанымның трансформациясы. Шiркеусiз сенушiлер. Қазiргi заманғы сектандықтардың психологиясы мен детерминациясы. Ислам сенiмдерiн (дiнiн) модернизациялау. Ортодоксальды және ортодоксальды емес ислам. Тоталитарлық дiни секталар. Сатанизм. Дiни мистицизмнiң пайда болуы. Рон Хаббардтың дианетикасы және дiни эвдемонизм. Сайентология және оның постулаттары.

Дiни плюрализм және еркiн ойшылдық. Қазiргi заман адамы, дiн (сенiм) және дiнсiздiк (сенiмсiздiк) мәселесiнiң алдында. Дiнге сенушiнiң психологиясы және атеистiк позициясы. Қазiргi заманғы теология. Негiзгi дiни мектептер: «Құтқару теологиясы», «революция теологиясы», «саясат теологиясы».

  1. Дiн және қазiргi заманғы ғылым

Қазiргi заманғы дiни сенiм контексiндегi космология, астрономия, биология және математика. Қазiргi заманғы ғылымның өркендеуiндегi креакционизм мен эсхотологияның постулаттары. Синергетика және клондау: дiни түсiндiрме. Н. Тростиковтың «Дүниенiң ғылыми сүреттемесi ғылыми негiзделген бе?» атты еңбегi – философиялық апологетика. Апологетиканың моральдық мәселелерi. Өмiр мәнi және адамның алға қойған мақсаты, жер бетiндегi игiлiктер және рақымшылдық, жанның ажалсыздығы. Дiни ажалсыздық нұсқалары. Қазiргi заманғы схоластика және дiни философия. В. Соловьевтiң жалпы тұтастық философиясы. ХХ ғасыр персонализмi мен дiни экзистенциализмi. Дiни сананы компьютерлендiру. Сөз және ақпарат. Виртуальдық мәселесi.

  1. Бұқаралық мәдениеттегi дiни идеялар

ХХ ғасыр мәдениетiндегi дiни идеялардың берiлуi: элитарлы, бұқаралық, постмодернистiк. Көне және Жаңа өсиеттер тақырыптарына «мәдени қиялдар». ХХ ғғ. және ХХ ғасыр тоғысындағы «жаңа өмiр», «апатшылдық»,»құдайсыздық» идеялары. Классикалық және классикалық емес дiни сана. ХХ ғасыр өнерiндегi библиялық ойлар: көне өсиеттер сюжеттерi және жаңа өсиеттердiң маңызы. ХХ ғасыр рухани музыкасы және дiни живопись. Әдеби пост-модерннiң дiнилiгi. ХХ ғасырдың екiншi жартысындағы кино әлемiндегi құдайды iздеу және құдайға қарсы күрес: Бұқаралық мәдениеттегi сакрализация мен десакрализация. Дiннiң дүмшеленуi және рухани буржуазиялық. Бұқаралық санадағы дiни мифтер.

 

  1. МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
  1. Алғашқы наным-сенімдердің пайда болу алғышарттары
  2. Зороастризм дінінің қалыптасу және даму тарихы
  3. Әлемдік діндер мәдениеті
  4. Будда діні және ағымдары
  5. Қытай және Жапон діндері
  6. Қытай халқының тарихы мен ұлттық мәдениетіндегі конфуциандықтың ролі мен маңызы
  7. Исламның пайда болуы қарсаңындағы Араб түбегіндегі діни жағдай
  8. Христиандықтың негізгі бағыты: Католицизм.
  9. Будда тарихы және Будданың өмір жолы
  10. Діндер тарихы пәнінің мақсаты мен міндеті
  11. Ұлттық діндер, пайда болуы мен қалыптасу тарихы
  12. Иудаизм ұлттық діндердің бірі ретінде.
  13. Қазақстанға таралған  діндер тарихы
  14. Иудаизмдегі негізгі бағыттар
  15. Орыс православие шіркеуі тарихы мен өзіндік ерекшеліктері
  16. Индуизмдегі құдайлар пантеоны
  17. Жаңа өсиеттің қалыптасуы және христиандықтың пайда болуы
  18. Конфуциандық  діни-этикалық  ілімі мен Дао діні
  19. Исламның Орта Азия мен Қазақстанға таралуы.
  20. Шығыс және батыс христиан шіркеулерінің бөлінуі себептері.
  21. Көне Өсиет пен Жаңа Өсиет мәтіндері.
  22. Протестантизмнің пайда болуына әсер еткен факторлар
  23. Көне түркілердің діни нанымдары
  24. Сикхизм дінінің  ерекшелігі
  25. Ислам дініндегі мәзһабтар
  26. Дәстүрлі емес культтерді классификациялау ерекшеліктері
  27. Жаңа діни қозғалыстар және экстремизм мәселесі
  28. Саенталогия шіркеуінің мақсаты мен міндеттері
  29. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жұмыс істеу әдістері.
  30. «Кришна Санасы» қоғамының  діни ілімі
  31. Жаңа діни ұйымдардың жүйеленуі
  32. Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос Шіркеуі (мормондар) теологиясының  негізгі қағидалары
  33. Соңғы Өсиет Шіркеуі. Виссарионның ілімі
  34. Мормондар шіркеуінің құрылымы. Абыздар билігі
  35. Жаңа діни ұйымдардың пайда болуына себеп болатын тарихи-әлеуметтік жағдайлар
  36. Дәстүрлі емес діндердің өз ұстанушыларына деструктивті әсер етуін талдау әдістері
  37. Діндегі эволюция ұғымы.
  38. Діни саладағы эволюциялық және революциялық процестер
  39. Дін қоғамдық өмірдің әлеуметтік-саяси өмірінің коммуникативтік және реттеуші негізі ретінде
  40. Еуропадағы жаһандану процестеріне діни конфессиялардың ықпалы.
  41. Дәстүрлі дін түрлерінің беделі мен ықпалының әлсіреуі.
  42. Соғыстан кейінгі Еуропа мен Америкадағы діни қозғалыстар мен жаңа діндер
  43. Протестанттық модернизм
  44. Жаһанданудың ұлттық және әлемдік діндерге ықпалы
  45. Буддизмнің эволюциясы және қазіргі жағдайы
  46. Эволюциялық процесс туралы діни және ғылыми түсініктер
  47. Қазіргі иудаизмдегі қозғалыстар мен тенденциялар
  48. Қазіргі әлемнің саяси және әлеуметтік қақтығыстарының этнодіни формалары
  49. Экуменистік қозғалыстың қоғамдық-саяси акциялары және конференция мәселелері
  50. Қазіргі исламдағы эволюция және ағымдар
  51. Фалсафа сөзінің терминдік мағыналары.
  52. Ежелгі Қытайдың діни философиялық ілімдері мен тәрбиесі.
  53. Исламдағы діни- философиялық ой- тұжырымдардың қалыптасуы
  54. Жайнизм ілімі. Оның негізгі принциптері.
  55. Конфуцийлік ілім негіздеріндегі адам мәселесі
  56. Ибн Синаның діни – философиялық көзқарастары.
  57. Протестанттық діни философия бағыттары
  58. Христиандық апологетика
  59. Дәстүрден тыс синкретикалық діни философия бағыттары
  60. Миллет мектебінің дүниетанымдық көзқарастары
  61. Ибн Рушд және оның Еуропа өркениетіне ықпалы.
  62. Әл-Фарабидің діни-этикалық көзқарастары
  63. Абайдың діни- философиялық ой-тұжырымдары.
  64. ХIХ- ХХ ғасырлардағы орыс діни философиясы
  65. Ежелгі үндідегі діни философиялық мектептер және олардың негізгі  қарастырған мәселелері
  66. Христиандық діни- философияның негізгі бағыттары.
  67. Кәләм- мұсылмандық рационалистік ілімінің негізін қалаушылар және  олардың қарастырған мәселелері.
  68. Ежелгі үндідегі діни философиялық мектептер және олардың негізгі  қарастырған мәселелері
  69. Ислам философиясы. (Кордова халифаты)
  70. Араб-мұсылман діни-философиясының қалыптасу кезеңдері.
  71. Теология мен философияның ара-қатынасы
  72. Даосизм ілімі және негізгі принциптері мен метафизикалық тұжырымдары
  73. Әбу Хамид әл-Ғазалидің философтар мен философияға қатысты көзқарастары
  74. Діни философиядағы Ибн Сина еңбектерінің теологиялық сипаты.
  75. Араб-мұсыламан философтарының әлемдік философиялық мұраға қосқан үлесі
  1. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

    Негізгі әдебиет:

  1. Основы религиоведения. Под ред. И.Н. Яблокова – М., 1998
  2. Ержан Қ., Махмет М., Салыстырмалы діндер тарихы, 2017
  3. Қонар С., Діндер тарихы, Алматы. 2011
  4. Дворкин А.Л. Сектоведение. Христанская библиотека, 2007.
  5. Алтаев Ж., Фролов А. Исламская философия. Алматы, 2010
  6. Пивоваров А.В., Дін философиясы М.: Академиялық жоба, 2006.-640 с.
  7. Гараджа В.И., Религиоведение. – М. 1995
  8. Шахнович М.М., Дінтану. СПб. 2006
  9. Мел Томпсон., Философия религии. – М. 2001
  10. Қазақстандағы діндер. Қазақ университеті Алматы, 2010 -421 б.
  11. Платонов К.К., Психология религии. М.: 1967.
  12. Хамзеева Б., Философия. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

 Қосымша әдебиет:

  1. Әлем ұлттарының мифы. Энциклопедия. 1991.
  2. Митрохин Л.Н., Философия религии, М., -1993 г.
  3. Щелокова Е., ХХ ғасырдың 20-60-жылдардағы Қазақстандағы діни ахуал / Евразийское Сообщество. -2003.
  4. Мейір Ж., Креативті тәрбие, Оқу құралы, Астана: Фолиант, 2009
  5. Ильин И.А., Діни тәжірибелер аксиомасы. – М. 1993
  6. Яблоков И.Н., История религии. М., 1, 2 т. 2004
  7. Орынбеков М.С., Қазақ сенімінің бастаулары. А, 1997
  8. Васильев Л.С., Шығыс діндерінің тарихы. Мәскеу, 1998
  9. Қазiргi дәстүрден тыс дiни қозғалыстар және культтер /әл-Фараби атын ҚазҰУ Алматы, 2012 -180 б.
  10. Сорокин П., Система социологии. П ч. 1920. Т. Религия и общество.
  11. Будда. Конфуций. Жизнь и учение. М., 1995.
  12. Классики мирового религиоведения. Антология. – М., 1996
  13. Кимелев Ю.А., Философия религии: систематически очерк. М., 1998.
  14. Әл-Фараби – историко-философское тракты. Алматы, 1985.
  15. Иен Барбур. Религия и наука. 2001 г.
  16. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы: Атамұра, 1994.
  17. Иудаизм и христианство. Словарь. – М., 1995
  18. Орынбеков М.С., Философские воззрения Абая. – А., 1995
  19. Бартольд В.В., Культура мусульманства – М., 1998