Докторантура

      Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті докторантурасының білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады және докторантура бітірушілерінің ғылыми және педагогикалық қызметпен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік беретін кәсіптік даярлықты қамтамасыз етеді.

    Нұр-Мүбарак ЕИМУ-де докторантураны оқытудың ғылыми-ізденушілік бағыттары халықаралық талаптарға сай қарқынды жолға қойылған. PhD докторантураның білім беру бағдарламалары университет пен шетелдегі алдыңғы қатарлы білім және ғылым ұйымдарымен тығыз байланыс орнатумен жүзеге асырылады.

      Нұр-Мүбарак ЕИМУ-де докторанттары университеттің халықаралық байланыстарының арқасында шетелдегі жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында білім алуға және тәжірибеден өту үшін шетелге шығуға мүмкіндіктер бар.

       PhD докторантураға түсуші тұлғалар қабылдау комиссиясына төменде көрсетілген құжаттарды тапсырады:

1) ректордың атына өтініш;

2) жеке куәлігінің көшірмесі (3 дана);

3) жоғары білім туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі қосымшасымен (бакалавр/маман және магистр дипломдарының);

4) отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшілер келісімі бойынша жобаланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі;

5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі;

6) жұмыс орнынан немесе жоғарғы оқу орнынан ресми бланкте жазылған ұсыныс хат;

7) егер бар болса  шет тілін тапсырғаны туралы сертификат — TOEFL , IELTS  және т.б.

8) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

9) еңбек өтілі ретінде көрсетілген мерзімге сәйкес келетін зейнетақы аударылымдарын растайтын құжат (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсетін ҚР азаматтары үшін);

10) 3×4 көлемдегі 6 фотосурет;

11) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиясымен бірге);

12) оқу барысында алған авторлық куәландыру қағаздарының, мақтау қағаздардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері, сонымен қатар олимпиадаларға, байқаулар мен сайыстарға (олардың ішінде халықаралық, республикалық, ғылыми) қатысқандығын дәлелдейтін құжаттар (бар болған жағдайда).

Похожее изображение 6D020600-Дінтану мамандығына қабылдау емтихан бағдарламасы 

Похожее изображение 6D021500-Исламтану мамандығына қабылдау емтихан бағдарламасы

Похожее изображение Араб тілі бойынша емтихан бағдарламасы

 

 

 

 

Алматы. әл-Фараби даңғылы 73. «Академиялық қалашық» аялдамасы.

тел.:8 (727)  302-09-40,

302-09-34.

Факс:8(727) 302-09-30.
Сайт: www.nmu.kz.
E-mail: priem-nmu@mail.ru.