Ректор бағаны

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ОҚЫРМАНДАР!

Ректор бағанына қош келдіңіздер! Бұл блогтың ашылуы көптеген мәселелерді шешуде және біздің ортақ жұмыстарымызды атқаруда мүмкіншілігімізді кеңейтеді деген сенімдемін. Сіздермен жақын қарым-қатынаста боламыз деп үміттенемін. Өйткені «Ректор бағаны» университет студенттері, қызметкерлері мен оқытушылар арасында тікелей байланыс орнату мақсатында құрылды. Бұл – өзіңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюға, ұсыныстарыңыз бен ой-пікірлеріңізді білдіруге таптырмас мүмкіндік. Ашық, әрі жүйелі түрде сұхбат жүргізу университет басшылығы жұмысының жемісті болуына өз септігін тигізбек.

Rektor1

«Нұр-Мүбарак» университеті Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы алтын көпір деуге болады. Ашылғанына 15 жыл болған университеттегі аз уақыт аралығында атқарылған шаруаларға көңілің қуанады. Нұр-Мүбарактың Әл-Азһар университетімен арасындағы байланыстың маңызы зор.  Әл-Азһардың тарихы 988 жылдан басталады, яғни 1026 жыл бұрын ашылған университетте бүгінде әлемнің 100-ден аса елінен студенттер білім алады. Біз де Нұр-Мүбарак дипломының деңгейін Әл-Азһар деңгейіне жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазақстан ғасырлар бойы Әбу Ханифа  мәзһабын ұстанатындықтан, мен жаңа қызметке жолдама алғаннан бастап Нұр-Мүбарак университетіне білім беретін ұстаздарды осы мақсатқа сай тиянақты таңдаудан өткіздім. Нұр-Мүбаракқа келген доктор-профессорлар  Қазақстан мұсылмандарының ұстанымына сай, Әбу Ханифа мәзһабы бойынша дәріс жүргізбек әрі ұстаздардың өздерінің де осы мәзһабтан болуына аса мән берілді.  Біз екі ел арасындағы білім жолындағы байланыс ислам әлеміндегі тың ғылыми жобалар мен қос мемлекет арасындағы тығыз қарым-қатынасты арттырып, күллі мұсылман қауымының игілігі үшін үлес қосады деген үміттеміз!»

Құрметпен,      
Ректор, профессор, доктор Жуда Абдулғани Басюни  

Ректор, профессор Жуда Абдулғани Басюнидің Оңтүстік аймаққа сапары!