Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
FAQ-Көп қойылатын сұрақтар
 Сұрақтар      Жауаптар
 Университетте қанша факультет бар? Университетте 2 Факультет бар. Олар : Ислам ілімдері, Араб филологиясы және гуманитарлық пәндер факультеті.
Университетте сабақтар қай тілде оқытылады? Университетте сабақтар пәнге байланысты қазақ ,араб, ағылшын немесе орыс тіліндерінде өтеді.

Исламтану оқығандар тек имам болып жұмыс істейма?

 

Исламтану бітіргендер мешіттерде, мемлекеттік қызметте және жеке мекемелерде қызмет ете алады.
Бакалавриат бойынша қандай бағдарламалар бар?

Исламтану:

— Қазақ және орыс бөлімі (4 жыл);

— Қысқартылған оқу бағдарламасы (3 жыл).

Дінтану:

— Қазақ бөлімі (4 жыл);

— Екінші жоғары білім (кешкі бөлім, 2 жыл).

Теология:

— Күндізгі бөлім (4 жыл)

— Кешкі бөлім (2 жыл)

Шетел тілі: екі шетел тілі:

— Араб-ағлышын, қазақ бөлімі (4 жыл);

— Ағылшын-араб, қазақ бөлімі (4 жыл);

— Қысқартылған (3 жыл).

Қай қалаларда дайындық курстарыңыз бар?  Дайындық курстар Ақтөбе, Талғар, Шымкент қалалары және Бақанас ауылында бар.
Араб тілін білмей оқуға түсуге бола ма? Араб тілін білмей оқуға түсуге болады. Ал араб тілін білу деңгейіне қарай студенттер топтарға бөлініп  оқиды.
Университет арасында студент алмасу бағдарламасы бар ма?  Университет академиялық  ұтқырлық  бағдарламасын жүзеге асырады. Халықаралық университеттермен студент алмасу және тағылымдамалар өткізуде әлемдегі аса ірі халықаралық 20 шетелдік университеттермен  меморандум жасасқан.
Университетте жатақханаға  орналасу мүмкіндігі бар ма?  Университетке түскендерге толық жатақханамен қамтамассыз етіледі.

Нұр-Мүбарак университет студенттерімен кері байланысқа арналған бірнеше каналдар бар.

Әрбір қойылған сұрақтарға жеке жауаптар жазылады.