Асқар МҰҚАНОВ

24/01/2018

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің 2016 жылғы түлегі.

Мұқанов Асқар Әбітайұлы

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

1984 жылы туған.

2005-2013 жылдар аралығында Египет Араб Республикасының әл-Азһар ислам университетінде Шариғаттану мамандығы бойынша бакалаврды тәмамдады.

2014-2016 жылдары  Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің исламтану мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады.

Қызмет жолын 2010 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр медресесінде ұстаз болып бастады. 2013-2015 жылдары Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Орбита» мешітінде наиб имам қызметін атқарды. 2015 жылдың қарашасынан бастап Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

2017 жылдың мамыр айынан бастап «Әлжан ана» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.

2017 жылдың қазан айынан «Әлжан ана» мешітінің жанынан ашылған «Имамдардың білімін жетілдіру және кәсіби қайта даярлау» Республикалық орталығының директоры қызметіне кірісті.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, орталық «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.