Өмірзақ БЕКҚОЖА

06/02/2018

Нұр-Мүбарак университетінің 2013 жылғы түлегі (бакалавр), қазір магистрант.

Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы

Қарағанды облысының өкіл имамы

1958 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

1964 жылы мектепке барып, 8-ші сыныптан кейін Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы музыка училищесінің кларнетте ойнау бөліміне түсіп тамамдаған.

1977-1979 жж. әскери борышын өтеген.

Алғашқы діни білімді Жезқазған мешітінің жанындағы медреседе бастаған. Кейіннен Шымкент облысында жалғастырған.

1993-1995ж.ж. Жамбыл облысы, Меркі медресесін оқыған.

2000-2005ж.ж. Алматы қаласындағы Дарын гуманитарлық университетін бітірді. Имамдардың білімін жетілдіру институтын үздік аяқтады.

2011-2013ж.ж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін теолог мамандығы бойынша үздік аяқтады.

Бүгінгі күні  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  магистранты.

Имамдық еңбек жолын 1992 жылы Ақадыр кентінде бастап, 2004 жылға дейін бас имам болып қызмет атқарған.

2004 жылы Қарағанды қаласындағы Бала қажы атындағы мешітке наиб имам болып тағайындалған.

2011 жылы Қарағанды қаласының №1 мешітіне бас имам болып тағайындалды.

2013 жылы 25-сәуірдегі №315 бұйрық бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды өңірі бойынша өкілі және Қарағанды облысының бас имамы қызметіне тағайындалып атқаруда.