Серікбай қажы ОРАЗ

06/02/2018

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы ОРАЗ

Нұр-Мүбарак университетінің  2016 жылғы түлегі (магистр)

 

1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.

Білімі:

1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тәмамдаған;

1992-1994 жылдары Мысырдағы әл-Азһар университетінде оқыған;

1995-1996 жылдары Исламабад Әлемдік университетінде білім алды.

2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген;

2014-2016 жылдары «Нұр Мүбəрак» университетінің Исламтану мамандығы бойынша магистрі академиялық дәрежесін алған;

Еңбек  жолы:

Діни саладағы жұмысы Алматы Орталық мешітінің наиб имамы қызметінен басталған. Ислам институтының ұстазы,  ректоры, ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкіл имамы, Алматы қаласы әкімшілігінің діни істер бөлімінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Іс басқармасында дирекция директоры қызметін атқарды.

2000-2001 жылдары ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти;

2003-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Бас имамы;

2011-2013 жылдары ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы;

2013 жылы ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.

2017 жылы Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайланды.

Бастамалары мен жобалары:

«Дін мен дәстүр сабақтастығы»;

«ҚМДБ-ның жалпы жұмысындағы негізгі төрт бағыт (көркем уағыз, оқу-ағарту, жат ағыммен жұмыс, қайырымдылық)»;

«Дәстүрлі Ислам жауһарлары»;

«Құран Кәрім. Қазақша сөзбе-сөз аудармасы»;

«Қазақстандағы бірыңғай діни рәсімдер жүйесі»;

«Жаназа және жерлеу рәсімдері»;

«Жұма уағызы», «Дін – насихат»;

ҚМДБ пәтуаларының ортақ базасы – www.fatua.kz сайты

«Ислам және рухани жаңғыру»;

«Ислам және ұлы дала өркениеті»;

«І Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы».

Авторлық еңбектері:

«Ораза – кешірім айы»;

«Тәпсір тұнығы» (30-пара);

«Тәпсір тұнығы» (29-пара);

«Тәпсір тұнығы» (28-пара);

«Әзірет Сұлтан» – Ұлы дала темірқазығы».

Марапаттары:

Қапқаз және Орта Азия елдері арасында өткен Кувейт мемлекетінің басшысы Сабах әль-Ахмед әль-Жабер әс-Сабах атындағы Құран жарысының бас жүлдегері;

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалдарының иегері;

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының құрметті азаматы.

Өмірдегі ұстанымы: «Өзгеруді өзіңнен баста».

 Қызметтегі ұстанымы:

«Жауапкершілік пен тиянақтылық – сапалы қызмет кепілі».

Жеке өмірі:

Отбасылы. 7 баланың әкесі.