Талғат ОМАРОВ

06/02/2018

2008 жылы Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінің 2008 жылғы түлегі

Омаров Талғат Сейткәрімұлы

Қызылорда облысының өкіл имамы

1972 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1989-1991 жылдары алматы қаласы Совет техникумын бітірген.

1994-1996 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Ислам Институтында оқыды.

1996-1998 жылдары Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында діни медресені тамамдаған.

2000 жылдан бастап Алматы қаласындағы мешіттерде қызмет атқарған. Атап айтқанда «Көктөбе» мешіті, Орбита ықшам ауданындағы «Мұсылмандар» мешіті, Дружба шағын ауданында «Музаммил» мешіт, Алматы қаласы «Мырзахмет» мешіті.

2005 жылы қасиетті Мекке қаласында қажылық парызын орындады.

2008 жылы Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде діни білімін жалғастырып тәмамдады.

2011 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің №345 8 маусымында шыққан бұйрығымен Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Жанұялы, бес баласы бар.