Жұманазар САДЫРХАНОВ

05/10/2016

  Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің 2015 жылғы магистратура бөлімінің түлегі

Жұманазар Өсерханұлы САДЫРХАНОВ

Астана қаласындағы «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің бас имамы

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әрі атақты Қасиетті Құран хафиздерінің бірі.

Ол 1996 жылы, 16 жасындаТүркияның Стамбул қаласында оқып жүрген шағында-ақ қасиетті Құран Кәрімді жатқа алған. Қазақстанға оралғаннан кейін, 1997 — 2000 ж.ж. аралығында Алматыдағы Ислам Институтында білім алған.

2002-2013 ж.ж. аралығында Алматы қаласының Орталық мешітіне наиб имам болып, жемісті еңбек атқарған.

2000 – 2013 ж.ж. аралығында Алматы қалалық Орталық мешітте 13 жыл бойы Құран — хатым түсіріп келген.

2013-2015 ж.ж. Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің «6М020600»  «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура бөлімін тәмамдады.

Алматы қаласындағы «Аманқұл ата» медресесінде сабақ бере жүріп, Республикалық Құран жарыстарының жүлдегерлері болған 12 — 23 жас аралығындағы 10 хафизді тәрбиелеп, ғылым жолына баулыған.

Индия, Малайзия, Ливия және Қырғызстандағы Құран хатым жарыстарында, Орта Азия бойынша екі рет 2 — орынға ие болған. Қазақстандағы Қарилар комиссиясының құрметті мүшесі.

 

Үйленген. Үш қызы, бір ұлы бар.