Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Ғылым және инновация бөлімі

Ғылым және инновация бөлімі – Нұр-Мүбарак университетін еліміздегі исламтану және дінтану салаларындағы жетекші ғылыми орталық ретінде қалыптастыру және осы салалардағы халықаралық академиялық қауымдастықпен ынтымақтастықты нығайту арқылы университет оқытушы-профессорлық құрамының ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында 2020 жылы құрылды. Бөлім меңгерушісі – м.а. PhD Сиқымбаева Дамира.

Атқаратын жұмыстары:

– НМУ ғалымдарына ҚР БҒМ ҒК тарапынан жарияланған фундаменталды ғылыми зерттеу жобалары мен қоғам сұранысынан туындаған қолданбалы зерттеу жұмыстарына жан-жақты қатысуына әдістемелік, техникалық қолдау көрсету;

– Исламтану және дінтану салаларындағы басым ғылыми бағыттардың дамуын ынталандыру мақсатында жүйелі ғылыми-методологиялық семинарлар ұйымдастыру;

– Араб-Мұсылман әлемі және Түркия елдеріндегі исламтанулық және дінтанулық мектептер мен ғылыми орталықтармен ғана емес, сонымен қатар батыстық (американдық, еуропалық) исламтану институттарымен академиялық байланыс құру;

– Университеттің ғылыми жұмысына сыртқы спонсорлық қорлар мен қаржылық қолдауды тарту;

– Студенттер, магистранттар және докторанттардың университеттің ғылыми өміріне белсенді қатысуын түрлі жолдармен ынталандыру.

– Университет ғалымдарының исламтану және дінтану салаларымен қатар, әлеуметтік ғылымдардың басқа да салаларындағы пәнаралық ғылыми жобаларды дамытуға, ұйымдастыруға қолдау көрсету.