Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Араб және ағылшын тілдер кафедрасының даму стратегия бағыттары

                                      Білім беру бағдарламасының миссиясы мен мақсаты:

 Білім беру бағдарламасының мақсаты: білім беру мен тәрбиелеу процесін инновациялық технологиялар негізінде жүзеге асыра отырып, қазіргі заманның    талаптарына сай жоғары білімді бәсекеге қабілетті тіл мамандарын даярлау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының миссиясы — шетел тілдерін терең меңгерген (араб және ағылшын), жоғары кәсіби және ғылыми-зерттеу құзыреттілігі бар кадрларды даярлау.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
  — мемлекет және қоғам қажеттіліктеріне сай бәсекеге қабілетті, сыни тұрғыда ойлай алатын білікті мамандарды  даярлауға  бағытталған білім беру;
— оқытылатын тіл елдері туралы елтану, мәдениеттану және лингвомәдениеттану материалдарын меңгеру;
— білім беру үдерісін заманауи және ғылыми негізінде ұдайы жетілдіріп отыру.