Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Исахан Мұхан Баймұратұлы

2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін, 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын бітірген.
Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен айналысқан.
30 шақты ғылыми, 60 қа жуық публицистикалық мақалалары, сондай-ақ «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы.
15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді.
ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген.
ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Дінтану мамандығы бойынша докторантурасын бітірген.
Қазіргі уақытта «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасында аға оқытушысы, PhD доктор.