Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

ИСЛАМТАНУ БӨЛІМІНЕ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

6М021500 – «ИСЛАМТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

«6М021500 — Исламтану» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы Жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты мен типтік бағдарлама негізінде әзірленді.

 

МАЗМҰНЫ

 

  1. Мамандыққа қабылдау емтихандарының мақсаты мен міндеттері

Магистратураға қабылдау емтихандарының мақсаты – талапкерде профессионалды исламтану саласында, әртүрлі деңгейдегі кәсіби міндеттерді орындауы мен  негізгі кәсіби жауапкершілік пен білімнің қалыптасуын бағалау болып табылады.

Емтихан міндеттері:

  1. Магистр дәрежесін ізденушінің теориялық және тәжірибелік дайындық дәрежесін, ғылыми білімді ЖОО-да және ғылыми ұйымдар мен мекемелерде, діни іс-шараларды ұйымдастыруында қолдана білуін бағалау;
  2. Кәсіби салада типті міндеттерді шешу үрдісінде білімді біріктіре білу және қалыптастыру дәрежесін анықтау:
  3. Ақпараттық және коммуникативтік мәдениет білімділік дәрежесін анықтау;
  4. Жалпы мәдени ережелер және кәсіби ынталандырудың қалыптасу дәрежесін енгізу.

Қабылдау емтихан формасы: ауызша емтихан. Емтихан тапсырушы өзінің емтихан билеттерінің сұрақтарына жауапты жауап қағазына жазып, емтихан коммисиясына ауызша жауап береді. Апелляцияға берген кезде жауап қағазындағы жазба аппеляция негізіне алынады.

  1. «6М021500 — Исламтану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар

Емтиханда ізденушілер жеке бастарымен зерттеудің жаңа тәсілдеріне үйрену, кәсіби функцияларды іске қосуымен байланысты міндеттер мен мақсаттарды қоя білу дәрежелерін көрсету керек. Оларды шешуде алынған ғылым әдістерін қолдануға дайын болу, адамзат пен мемлекет алдында істеген кәсіби және ғылыми іс нәтижелеріне жауап беру, демокртаиялық сенім мен гуманистикалық құндылықтар негізінде құрылған белсенді азаматтық позиция ұстану, кең кәсіби салада шығармашылығын көрсете білу, өз мамандығының қоғамдағы орнын түсіне білу, кәсіби міндеттерді орындауда жоғары ынталындыруға, іске үлкен жауапкершілікке ие болу, азаматтық және кәсіби борыш сезіміне ие болу, жаңа идеялар ойлап табу қасиетіне ие болу, өзінің мүмкіншіліктерін жоғарылату, қоғам және этикалық нормаларға әсер етпей өз саласында оптималды стратегияларды жасау, жаңа немесе аяқ асты ситуацияларда мәселерді шеше білу және істеген ісіне жауап беру секілді қасиеттерді бойына дарыта білу керек. 

  1. Білім беру бағдарламасының пререквизитттері

Пререквизиттар қатарына кіреді: «Таһарат, намаз, ораза шарттары» — 3 кр, «Тәжуид»- 3 кр, «Зекет және қажылық» — 3 кр «Хадистану» – 3 кр, Араб тілі -4 кр, Кәсіби шет тілі -2кр, Кәсіби қазақ тілі -2кр.

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

Фиқһ бойынша сұрақтар:

  1. Қажылықтың құқықтық үкімдерін атап, ихрамда тыйым салынған үш нәрсені Құран мен сүнеттен дәлелдеп айтыңыз?

اذكر أحكام الحج و اذكر ثلاثة من محظورات الإحرام ودليلها من القرآن أو السنة. .

  1. Зекет дегеніміз не? Зекеттің үкімі мен дәлелі және оның парыз болу шарттары қандай?

ما الزكاة وما حكمها ودليلها وماشروط وجوبها ؟

  1. Мәсіге және шұлыққа мәсіх тартудың үкімі не? Мерзімі мен шарттарын атаңыз.

ماحكم المسح على الخفين والجوربين وما مدته وشروطه؟

  1. Науқас адам рукуғ пен сәжде жасай алмаса намазын қалай оқиды? Көзімен немесе жүрегімен немесе қасымен ишарат жасап намаз оқуына болады ма?

كيف يصلي المريض ان عجز عن الركوع و السجود ؟  هل يومئ بعينه او بقلبه او بحاجبيه ؟

  1. Оразаның анықтамасы. Рамазан айындағы оразаның үкімі мен дәлелі қандай? Рамазан айы қалай анықталады? Дәлел келтіріңіз.

عرف الصيام وما حكمه ودليله وبم يثبت هلال رمضان ودليل ذلك؟

  1. Итикафтың шариғаттағы мағынасы, үкімі, уақыты және ер мен әйелдің итикаф жасайтын мекені жайлы айтыңыз?

عرف الاعتكاف و اذكر حكمه و ما مدته ثم بين مكان الاعتكاف للرجل و المرأة ؟

  1. Ұмраның шариғаттағы үкімі мен оның рүкіндері қандай?

اذكر حكم العمرة و ما هي أركانها؟

  1. Қиран қажылығы, сипаты мен үкімі және ол қандай жағдайда бұзылады?

عرف حج القران و صفته و حكمه و متي يبطل

  1. Қаза намазы қашан және қалай өтеледі? Егер қаза намазы уақытында өтелетін намаздың уақытына сай келсе қайсысы бірінші орындалады?

متي تقضي الفائتة و كيف تقضى و أيهما تقدم الفائتة أو الوقتية؟

  1. Мәйітке жаназа намазын оқудың үкімін айтып оған дәлел келтіріңіз? Егер мәйіт жаназасыз көмілген жағдайда оған жаназа намазы оқылады ма?

ما حكم الصلاة علي الميت و ما دليل الحكم؟ و اذا دفن من غير صلاة فهل يصلي عليه؟

  1. Намазды жамағатпен оқудың үкімі және оның дәлелін келтіріңіз? Әйел мен балиғатқа толмаған балалардың ер кісілерге имамдығы дұрыс па? Бұл мәселені кеңінен талқылап айтыңыз? Дәретті адамның тәйәммуммен оқушының намазына ұюының үкімін айтыңыз?

ما حكم صلاة الجماعة و ما دليله ؟ هل تجوز إمامة النساء و الصبيان للرجال؟ علل لما تذكر ثم بين حكم اقتداء المتوضئ  بالمتيمم ؟

  1. Егістіктен зекет беріледі ме? Берілсе оның мөлшері қандай?

هل تتحقق الزكاة في الزروع ؟ و ما مقدار الذي يخرج منها ؟

  1. Зекеттің тілдік және шариғаттағы мағынасын айтыңыз? Жылдың кейбір бөлігінде нисаб мөлшерінен азайған болса зекет беру міндетті бола ма? Сәбидің, ақыл есі толық емес адамның мал-мүлкінен зекет беріледі ме?

عرف الزكاة  لغة و شرعاً، وإذا نقص النصاب في بعض الحول فما الحكم؟ هل تجب الزكاة في مال الصبي والمجنون؟ اذكر ما تستحضره من دليل أو تعليل، أو خلاف

  1. Жалға алу дегеніміз не? Үкімі қандай? Құран мен сүнеттен дәлел келтіріңіз. Жалға берілген зат пен қарызға берліген заттың айырмашылығын атаңыз.

عرف الإجارة وما حكمها ودليلها من القرآن والسنة وما الفرق بينها وبين العارية؟

  1. Екі айт намазының үкімі не? Айт намаздарының уақытын, орындалу тәртібі мен сүннет амалдарын баяндаңыз.

ماحكم صلاة العيدين وما وقتهما وما يسن فيهما وما كيفية صلاتهما ؟

  1. Ханафи мазһабы бойынша қажылықтың рүкіндерін атаңыз. Етеккір жағдайындағы әйел адамға ифада және де басқа тауаптарды жасау үкімі қандай?

ما أركان الحج عند الأحناف وما حكم طواف الإفاضة وغيره للحائض ؟

  1. Зихар дегеніміз не? Үікімі мен дәлелін айтыңыз. Қандай сөздермен айтылады? Кәффараты не?

عرف الظهار وما حكمه ودليله وألفاظه وما كفارته ؟

  1. Кепілдікке зат қою дегеніміз не? Үкімі, дәлелдері және дұрыс болу шарттарын айтыңыз?

ما الرهن  وما حكمه ودليله وشروط صحته؟

  1. Ханафи мәзһабындағы судың түрлері қандай? Қандай су түрлері тазалауға жарамды? Күмәнді су дегеніміз не?

ما هي أقسام المياه عند الأحناف؟  ما المياه التي يجوز التطهير بها ؟ ما الماء المشكوك في طهوريته؟

  1. Көктен жауған судың үкімі қандай? Құран мен сүннеттен дәлел келтіріңіз. Ұрланған немесе күштеп тартып алынған сумен дәрет алуға бола ма?

ماحكم الماء الذى نزل من السماء ودليله من القرآن والسنة ؟ هل يصح الوضوء بالماء المغصوب ؟

  1. Иленген терінің үстіне немесе одан тігілген киіммен намаз оқуға бола ма? Күштеп тартып алынған киіммен немесе күштеп тартып алынған жерде намаз оқудың үкімі қандай?

هل تجوز الصلاة فى الجلود المدبوغة أو عليها وفى الثوب المغصوب أو الأرض المغصوبة؟

  1. Таза сумен араласып, судың екі сипаты өзгерсе немесе таза су иленген иттің немесе шошқаның терісінде болса, бұндай сумен дәрет алуға бола ма?

اختلط الماء بماء طاهر فغير وصفين فهل يصح التطهر به أو كان الماء فى جلد كلب أو خنزير مدبوغ؟

  1. Дәретсіз намаз оқыған имамға ұйыған жамағат намазының үкімі қандай? Имамдық шарттарын атаңыз.

صلى بغير وضوء إماماً فما حكم صلاة المأمومين وما هي شروط الإمام في صلاة الجماعة؟

  1. Әбу Ханифа мазһабы бойынша жұма намазының бекітілген ракағат саны қанша? Жұма намазына ташаһһудке үлгерген адамның намазының үкімі не?

ما العدد الذي تنعقد به صلاة الجمعة عند أبى حنيفة؟  وما الحكم لو أدرك الإمام فى التشهد؟

  1. Ханафи мәзһабы бойынша мұсылман емес елде мұсылман мен зымми арасындағы рибаның үкімі қандай? Дәлел келтіріңіз.

ماحكم الرّبا بين المسلم والذمي فى دار الحرب عند الحنفية ودليل ذلك؟

  1. Некенің үкімі мен рүкіндері және шарттары қандай?

ما أركان النكاح وما أحكامه وما شروطه؟

  1. Мал союдың шарттары қандай? Кімдер сойған малдың еті желінбейді?

ما شروط الذبح ومن الذى لا تؤكل ذبيحته؟

  1. Ант үкімі мен түрлерін атаңыз. Әрбір ант түрінің үкімдерін баяндаңыз және не нәрсемен ант етіледі?

مااليمين وما حكمه وأقسامه وحكم كل قسم وبم يكون الحلف  ؟

  1. Мұсылмандық құқықтағы қарыз түсінігі мен оның үкімі қандай? Қарыз берушіге қарызы арқылы пайда көздеуіне рұқсат етіледі ме? Қарыз алушы адам, борышын өтегенде алған қаражатынан артық беруіне болады ма?

ما هو القرض، وما حكم الإقراض؟ هل يجوز للمقرض أن يشترط لنفسه نفعا؟ إذا أقرض شخص شخصا قرضا ثم وفاه بأحسن منه هل يجوز؟

  1. Ислам құқығындағы пәтуа түсінігінің тілдік және терминдік мағынасы мен пәтуа берушіге қойылатын шарттар қандай? Пәтуа мен ижтиһадттың және пәтуа мен қазылық етудің айырмашылығы қандай? Пәтуа беру мен пәтуа бермеудің үкімін баяндаңыз. Пәтуа бергені үшін ақы алудың үкімі не?

ما مفهوم الإفتاء في اللغة والاصطلاح ؟ و اذكر شروط المفتي. ما الفرق بين الإفتاء والاجتهاد؟ ما الفرق بين الإفتاء والقضاء؟ بين حكم الإفتاء و حكم الامتناع عن الإفتاء. ما حكم أخذ الأجرة على الإفتاء

  1. Пәтуа беруге құқылы адам шариғат негіздеріне қалай жүгінеді? Пәтуа мен пәтуаға негіз болған тақырыптың ара қатынасы қандай? Пәтуа беруші шариғаттың асыл мақсаттарына қалай жүгінеді?

كيف يعتمد المفتي على الأدلة الشرعية؟ كيف ترتبط الفتوى بموضوع الاستفتاء؟ كيف يراعي المفتي مقاصد الشريعة؟

  1. Жаназа намазында Фатиха сүресін оқудың үкімі қандай? Бұл мәселеге қатысты ханафи ғалымдарының көзқарасын айт. Ханафи мәзһабында жаназаны ғайыптан оқудың үкімі не?

حكم قرآة الفاتحة فى صلاة الجنازة وما موقف الاحناف منها ؟ حكم صلاة على الميت الغئب عند الاحناف ؟

  1. Намазда әр рүкін сайын қол көтеруге қатысты Ханафи мәзһабының көзқарасын дәлелдерімен баянда.

بين رأى الاحناف فى رفع اليدين فى الصلاة مع ذكر ادلتهم ؟

  1. Некеде уәлидің шарт болу мәселесіне қатысты ӘбуХанифаның ұстанымын дәлелдерімен баянда.

بين موقف الإمام من شرط الولي فى النكاح وحجته فى ذلك ؟

  1. Сапарда екі намазды қосып оқудың үкімі қандай? Сапардағы адам қашан намазын қысқартып, екі намазды қосып оқиды?

ما حكم الجمعٍ بين الصلاتين في السفر؟ متى يقصر ويجمع المسافر؟

  1. Жинаят дегеніміз не? Оның төрт түрін ата. Адам өлтірудің тыйым салынғандығына және жазасы айқындалған адамнан кек алудың міндеттілігін білдіретін Құран мен сүннеттен дәлел келтір.

عرف الجنايات، واذكر أقسامها الأربعة، واذكر الدليل على تحريم القتل

  1. Ислам құқығындағы некенің үкімдері мен рүкіндері және некедегі уәлидің шарттарын баяндаңыз?

بين أحكام النكاح و أركانه مع شروط الولي في النكاح؟

  1. Кәпір адамды өлтіргені үшін мұсылманнан қысас алынадыма? Осы мәселеге қатысты ғалымдардың көзқарастарын келтіріп, дұрысырақ пікірді айт. Әрі оның дұрысырақ болу себебін баянда.

هل ُيقتل المسلم بالكافر؟ بين الخلاف في ذلك مع بيان القول الراجح، و سبب الترجيح

  1. Ислам құқығында адам өлтірудің қандай түрлері бар? Қайсысы каффаратты талап етеді? Әдейі кісі өлтіру дегеніміз не? Оның жазасы қандай?

ما هي أنواع القتل، و في أيها تجب الكفارة؟ وما هو القتل العمد، و ما هي عقوبته؟

  1. Жарима және жиная сөздерінің тілдік әрі терминдік мағынасын айтыңыз? Пайғамбар кезінде усул фиқһтың қалыптасуы қандай денгейде болды?

وكيف كان أصول الفقه فى عصرالرسالة؟. ما مفهوم الجريمة والجناية في اللغة والاصطلاح؟

  1. Худуд, қисас, дия және тағзир сөздерінің айырмашылығы айтыңыз және фиқһ ілімін бірінші болып жазған және жинақтаған авторлар туралы мәлімет берсеңіз?

ومن أول من دون فى علم أصول الفقه؟ ما الفرق بين جرائم الحدود والقصاص والديات والتعزير؟

  1. Тері иленгеннен кейінгі тағалығына қатысты фиқһ ғалымдарының қандай көзқарастарын білесіз, ойыңызды хадистермен дәйектесеңіз?

اذكر أراء الفقهاء في طهارة جلود الميتة بعد الدباغ، مدللاً على ذلك بالأحاديث النبوية الواردة في ذلك؟

  1. Некенің шарты және некедегі куәгер жайында әнгімелесеңіз?

ما شروط النكاح مع تفصيل الكلام عن أحكام الشهود ؟

  1. Рамазан айын көрудің үкімі мен куәгер саны және нәпіл мен парыз оразалардағы ниет ету уақыттарының айырмашылықтарын айтыңыз?

ما حكم رؤية الهلال و كم عدد الشهود و ما الفرق بين نية صوم النوافل و الفرائض ؟

  1. Ханафи мәзһабы бойынша жазылған еңбектерді атаңыз және Сахаба кезеңіндегі усул фиқһ жайлы әнгімелеңіз?

اذكر أهم المؤلفات التى صنفت على طريقة الحنفية و تكلم عن أصول الفقه فى عصر الصحابة.

  1. Сүт туыстығы болудың шарттары және сүт туысы бола тұра үйленген жағдайдағы некенің үкімі қандай?

ما شروط الرضاع ؟  وما حكم النكاح الذي انعقد بعد الرضاع ؟

  1. Талақтың түрлері және шарттары жайында әнгімелеңіз?

ما أنواع الطلاق ؟مع  ذكر شروط الطلاق.

Ақида бойынша сұрақтар:

  1. Иманның шарттары нешеу? Ханафилерде бұл мәселеге қатысты қандай ерекшелік бар?

ما هي شروط الإيمان عند الحنفية؟

  1. Әһл-у-суннә уә-л-жамаға немесе сунниттер дегеніміз кімдер?

من هم أهل السنة و الجماعة؟

  1. Имам Әбу Ханифаның ақидаға байланысты қандай еңбектері бар?

ما هي مؤلفات أبي حنيفة في علم العقيدة؟

  1. Суннитік бағыттың кәләм мектептерін және олардың негізін қалаған ғалымдарды атаңыз.

ما هي المدارس الكلامية عند أهل السنة و الجماعة و من الذي أسس هذه المدارس؟

  1. Матуридилік мектеп жайлы не білесіз?

ماذا تعرف عن المدرسة الماتريدية؟

  1. Исламда үлкен күнә жасаған мүміннің үкімі қандай?

ما حكم مرتكب الكبيرة في الإسلام؟

  1. Матуридилік сенім мектебінің маңдайалды өкілдерін атаңыз.

اذكر أعلام المدرسة الماتريدية؟

  1. Имам Матуридидің қандай еңбектері бар?

اذكر مؤلفات الإمام الماتريدي؟

  1. Ханафи ғалымдары «иман» ұғымына қандай анықтама берген?

اذكر تعريف مفهوم الإيمان عند الحنفية؟

  1. Имам Мутуридитің толық аты-жөні және дүниеден өткен жылы қандай?

ما هو الاسم الكامل للإمام الماتريدي مع ذكر تاريخ وفاته؟

  1. Әшғарилік сенім мектебінің маңдайалды өкілдерін атаңыз.

اذكر أعلام المدرسة الأشعرية؟

  1. Иманда «истисна» дегеніміз не, бұл мәселеге қатысты ханафилер қандай ұстанымда?

ما حكم الاستثناء في الإيمان عند الحنفية؟

  1. «Улу-л-азм» пайғамбарлар нешеу және олардың аттарын атаңыз.

اذكر عدد و أسماء الأنبياء أولي العزم؟

  1. Ханафилер «Иәд», «Айн», «Қадам», «Нузул» секілді муташабиһ аят-хадистердегі сөздерді қалай түсіндіреді?

كيف يؤول الأحناف الكلمات في  الآيات و الأحاديث المتشابهة مثل اليد, العين,القدم, النزول؟

  1. «Руят Алла» (Алланы о дүниеде көру) мәселесінде сунниттер мен муғтазилиттер арасында қандай принциптік айырмашылықтар бар?

ما موقف أهل السنة و الجماعة و المعتزلة في مسألة رؤية الله؟

  1. «Табсират әл-әдилла» атты еңбектің авторы кім, және бұл еңбектің Матуриди ақидасы бойынша жазылған өзге еңбектерден ерекшелігі не?

اذكر مؤلف كتاب تبصرة الأدلة و ما مكانة هذا الكتاب في المدرسة الماتريدية؟

  1. Ханафи-матуридилердің ұстанымы бойынша иман мен діндегі амалдардың арақатынасы қандай?

ما موقف الماتريدية من مسألة علاقة الإيمان و العمل؟

  1. Исламдағы кешірілмейтін күнә қандай, бұған қатысты Құраннан дәлел келтіріңіз?

ما هو الذنب الذي لا يغفر عند الله, مع ذكر الدليل من القرآن؟

  1. «ас-Салах уә-л-аслах» деген ұғым нені білдіреді және бұл кімдердің тұжырымы?

كيف تفهم مفهوم الصلاح و الأصلح و أي فرقة من الفرق الإسلامية قالت بذالك؟

  1. Ақида ілімі қандай басты тақырыптарға бөлінеді?

ما هي الموضوعات الأساسية لعلم العقيدة؟

  1. Хабари сипаттар дегеніміз не? Құраннан және хадистерден мысал келтіріңіз.

ما هي الصفات الخبرية مع ذكر الدليل من القرآن و الأحاديث؟

  1. Матуриди және Әшғари сенім мектептері бойынша Алланың зати-субути сипаттары нешеу?

اذكر الصفات الذاتية و الثبوتية عند الماتريدية و الأشعرية؟

  1. Әйел пайғамбар бола ма, бұған қатысты матуридилер мен әшғарилердің ұстанымы қандай?

هل يجوز أن يكون الأنبياء من النساء, و ما موقف الماتريدية و الأشعرية من هذه المسألة؟

  1. Жабриттер дегеніміз кімдер, олардың адамның іс-әрекеттері және ерік-қалауына қатысты ұстанымы қандай?

من هم الجبرية, و ما موقفهم من مسألة أفعال العباد و الإختيار؟

  1. «Тәуәссул» дегеніміз не, дінімізде «тәуәссул» жасауға рұқсат етілген бе?

ما هو التوسل, هل يجوز التوسل في الإسلام؟

  1. Пенденің «сағид» (бақытты) немесе «шақи» (бақытсыз) болуы әу бастан жазыла ма, әлде өзгеруі мүмкін бе, бұған қатысты матуридилер мен әшғарилер не деген?

ما موقف الماتريدية و الأشعرية من مسألة السعادة و الشقاوة؟

  1. Имам Әбу Ханифа «иман артпайды да, кемімейді де» дейді, иманның артып, кемуін білдіретін Құран аяттарын қалай түсінеміз?

يقول الإمام أبو حنيفة بأن الإيمان لا يزيد ولا ينقص,إذن كيف نفهم ظواهر الآيات التي تصرح بذلك؟

  1. Құран жаратылған ба, жоқ па деген мәселе кімдер тарапынан алға тартылды, бұған қатысты сунниттердің ұстанымы қандай?

أي فرقة من الفرق الإسلامية قالت بأن القرآن مخلوق, و ما موقف أهل السنة من هذه القضية؟

  1. «әл-Алим уә-л-мутағаллим» атты еңбектің авторы кім?

لمن ينسب كتاب العالم و المتعلم وما موضوعه؟

  1. Харижиттер деген кімдер, өз ішінде қандай топтарға бөлінеді, басты ұстанымдары қандай?

من هم الخوارج, و إلى كم فرقة تنقسم هذه الفرقة؟

  1. Шийіттік бағыттың басты ұстанымдары қандай, олар өз ішінде қандай топтарға бөлінеді?

ما هي المبادئ الأساسية عند الشيعة, و إلى كم فرقة تنقسم هذه الفرقة؟

  1. «Тәуил» сөзінің тілдік және терминдік мағынасыны қандай, «тәуил» мен «тәфуидтің» ұғымдарының айырмашылығы қандай?

ما معنى التأويل لغة و اصطلاحاً, و ما الفرق بين مفهومي التأويل و التفويض؟

  1. « كل شيء هالك إلا وجهه» аятындағы «وجه» сөзінің мағынасы нені білдіреді? Неліктен бұл сөзді тура мағынада түсінуіге болмайды?

كيف تفهم كلمة الوجه في الآية «كل شيء هالك إلا وجهه»؟ لما لا يجوز أن نحمل هذه الآية على ظاهرها؟

  1. Танымның қайнаркөздерін атаңыз?

ما هي مصادر أو أسباب المعرفة؟

  1. Матуриди мазхабы бойынша муқаллидтің иманы қабыл бола ма?

ما موقف الماتريدية من مسألة إيمان المقلد؟

  1. Пайғамбарлардың бойынан міндетті түрде табылуы керек болған сипаттарды атаңыз?

اذكر الصفات التي يجب أن يتصف بها الأنبياء؟

  1. «ар-Расул» және «ән-Нәби» арасында қандай айырмашылық бар?

ما الفرق بين الرسول و النبي؟

  1. «Истиуа» сөзінің тілдік мағыналары қандай және «истиуа» сөзі Аллаға қатысты айтылғанда қандай мағынаны білдіреді?

ما هي معاني الاستواء في اللغة؟ وما هو المعنى المراد في حق الله تعالى؟

  1. Тура мағынасы «тәшбиһ» (яғни жаратылысқа ұқсатуды) білдіретін аяттарға қатысты төрт мазхаб ғалымдарының ұстанымы қандай?

ما موقف علماء المذاهب الأربعة في آيات الصفات المتشابهات؟

  1. Алла Тағаланың: «Расында Раббыңның құзырындағылар…», деген сөздің мәні не, мұндағы «құзыр» сөзі мекенді білдіре ме, әлде абырой мен ардақтылықты білдіре ме?

ما المراد بقوله تعالى: ({إِنَّ الَّذِينَ عِنْدَ رَبِّكَ} [الأعراف: 206]) وهل العندية هنا هي الحيز والمكان أم الشرف والكرامة؟

  1. Құранда қанша пайғамбардың аты аталаған? Олар кімдер?

اذكر الأنبياء المذكرين في القرآن؟

  1. Қабір азабын, сират көпірді, мизанды (амалдың өлшенуін) кімдер және не үшін мойындамайды?

أي فرقة من الفرق الإسلامية تنكر عذاب القبر و الميزان و الصراط و لماذا ؟

  1. Құранда Қызыр, Лұқман, Зұлқарнайын сынды аты аталған тұлғалар пайғамбарлар санатына жатама?

هل ذو القرنين و لقمان و الخضر كانوا من الأنبياء؟

  1. «Келу» (мәжиʽ және итиән) сөзі Алла Тағалаға қатысты айтылғанда қандай мағынаны білдіреді?

ماذا يعني المجيء والإتيان في حق الله تعالى؟

  1. Жәннат пен тозақ қазір жаратылған ба, бұған қатысты сунниттер мен мұғтазилиттердің ұстанымы қандай?

هل الجنة و النار مخلوقتان الآن؟ و ما موقف أهل السنة و الجماعة و المعتزلة في هذه المسالة؟

  1. Ханафи мазхабында «ахад» хабарлар ақида мәселелерінде дәлел ретінде қабылдана ма?

هل يحتج الحنفية بخبر الآحاد في العقيدة أم ﻻ؟

  1. Матуриди ақидасы бойынша «хусн» мен «қубх» (жақсылық пен жамандық) ақылмен пайымдала ма?

هل مسألة الحسن و القبح العقليين عند الماتريدية؟

  1. Муташабиһ аяттар мен хадистерді «тафуид» жасаудың үкімі қандай?

ما حكم تفويض الآيات و الأحاديث المتشابهة؟

  1. Алланың «тәкуин» сипатына қатысты матуридилер мен әшғарилердің ұстанымы қандай?

ما موقف الماتريدية و الأشعرية في صفة التكوين؟

  1. Алла Тағала адамның не істеп, не қоятынын о бастан жазып қойған болса, оны не үшін жазаға тартады?

لماذا يعاقب الله تعالى العبد إذا كان أفعاله و قدره مكتوبا من قبل؟

  1. Құранда және хадистерде аты аталған періштелерді атағыз?

اذكر أسماء الملائكة المذكورين في القرآن و الأحاديث؟

 

  1. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

 

  1. Абдуллаһ ибн Махмуд ибн Мәудуд әл-Мұсаллил-Ханафи, Китабүл-Ихтияр ли-талимил-мұхтар, Дарул-мағрифа, Бейрут, 1998.
  2. Абдулхамид Махмуд Тахмаз, әл-Фиқһүл-Ханафи фи сәубиһил-жәдид, 1-басылым, әд-Даруш-Шамияти, Бейрут, 1998.
  3. Абдулхамид, Мұхаммед Мұхийддин, әл-Ахуалүш-Шахсия, 2-басылым, Матбағатус-Саадә, Мысыр 1377/1958
  4. Амиди, Әбул-Хасен ибн Әби Али ибн Мұхаммед, әл-Ахқам фи Ұсилил-Әкбар, Мысыр, Каир, 1968.
  5. әб-Сабүни, Мұхаммед Али, Рәуәиүл-Бәян Тәфсиру Әйәтил-Ахқам 2.басылым т.I-II, Мәктәбәтүл-Ғаззали, Димашқ 1397/1977.
  6. Жассас, Әбу Бекір Ахмед ибн Али Ахкамул-Құран, Каир.
  7. Жәзири, Абдуррахман әл-Фиқһү алел-Мәзәһибил-Әрбаа, том I-V — 6.басылым, Мысыр.
  8. Зафар Ахмад әл-Усмани әт-Тәһәнәуи, Иьлаус-Сунан,1-басылым, Дарул-фикр, Бейрут, 2001 ж
  9. Зәйлаи, Фахрүддин Осман ибн Али, Тәбйинүл-хақаиқ ала Кәнзи д-Дәқаик.
  10. Зәйлаи, Хафыз Абдуллах ибн Юсуф, Насбур-Рая Ли Әхадисил-Һидая, т. I-VI, әл-Мәктәбәтүл-Исламия 1393/1973.
  11. Ибн Абидин, Мұхаммед Әмин, Реддүл-Мұхтар, Матбағатул-Баби әл-Хәләби, Мысыр.
  12. Матуриди, Әбу Мансур, әл-Тәухид. Фетхуллах Хүлейф, бейрут 1970.
  13. Уаһбату әз-Зуһайли, әл-Фиқһул Исләмии уә әдилләтуһу, Стамбул, 1994, 1-т., 102-б.
  14. Яблоков И.Н. Основы религиоведения. М.: Выс. Шк., 2004. – 511 с.
  15. Лобазова О.Ф. Религиоведение. М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2006.-488 с.
  16. Пивоваров А.В. Философия религии М.: Академический проект, 2006.- 640 с.
  17. А. Н. Красников Методологические проблемы религиоведения Издательство: Академический Проект, 2007.

        Қосымша:

  1. Ә. Дербісәлиев, Қазақ даласының жұлдыздары, А., 1995
  2. Ш. Әділбаева, Сүннет салтымыз, хадис ғұрыпымыз, А., 2009 ж.
  3. А. Әділбаев, Ш. Әділбаева, Имам Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы, А., 2011
  4. Ислам историографичесий очерк, М.,
  5. М. Исаұлы, Құран кімнің сөзі, А., 2006
  6. Сейтбеков И., Нысанбаев С., Ислам тарихы, Шымкент,
  7. Негізгі діни мағлұматтар, (Ауд., құр. Х. Өзтүрк, Б. Мансұров) А., 2008
  8. Т. Түгелұлы, Б. Тұрғанбекұлы, Мәзһаб туралы таным, А., 2011
  9. А. Әділбаев, Қасиетті мәуліт, А., 2006
  10. Басилов В.Н., Кармышева Дж.Х. Ислам у казахов М. 1997.
  11. М. Исахан. Мазхаптар тарихы (саяи, сенімдік, фыкһтық негіздер бойынша), Алматы, 2006.