Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

«Исламтану» мамандығы бойынша орыс тобына

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 «Исламтану» мамандығы бойынша

        Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті «5В021500 – Исламтану» мамандығы бойынша шығармашылық емтихан өткізу туралы ереже

      1. Жалпы ережелер

  1. Осы Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары (бұдан әpi — шығармашылық емтихан) Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде шығармашылық даярлықты талап ететін Исламтану мамандығына түсетін талапкерлер үшін өткізіледі.
  2. Шығармашылық емтиханның мақсаты талапкерлердің шығармашылық қабілеттерінің және шығармашылық; бағыттағы кәсіптерді меңгерудегі тұлғалық алғышарттарының болуын тексеру болып табылады.
  3. Шығармашылық; емтихандарды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде құрылған қабылдау комиссиясы өткізеді.
  4. Әрбip мамандық бойынша шығармашылық емтиханның саны екіге тең.
  5. Шығармашылық емтихан 2017 ж 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
  6. Мамандық бойынша шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұны жоғары оқу орнымен дербес анықталады.
  7. Шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін құрамы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректордың бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.
  8. Шығармашылық емтихандардың кестесін (пәннін атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, кеңестер, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.
  9. Нұр-Мүбарак ЕИМУ өткізетін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады. Шығармашылық емтиханның нәтижесі бойынша, олардың сәтті өткенін растайтын ең төменгі балл саны — 15 балл.
  10. Бірінші шығармашылық емтиханда белгіленген балл санынан кем алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді.университетке қабылдану үшін талапкер кемінде 50 балл жинауға міндетті, оның ішінде 1-блоктағы жеке пәндерден кемінде 5 балл, әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 15 балл жинаған ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
  11. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім туралы құжаты бар, қайта кешенді тестілеу нәтижесі бойынша шекті балды алмаған адамдар күндізгі оқу нысаны бойынша бірінші академиялық кезең мерзімі аяқталғанға дейін ақылы негізде шартты студент ретінде қабылданады.

    2. Шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі

  12. Шығармашылық емтихандар өткізу аудиториясына жіберуді және емтиханды өткізу кезінде осы қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.
  13. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.
  14. Талапкер шығармашылық емтиханға кестеде керсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.
  15. Талапкер шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.
  16. Шығармашылық; емтиханды өткізу кезінде бip орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.
  17. Шығармашылық емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкүндік жасалады.
  18. Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.
  19. Шығармашылық емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеуге ұсынылған тәртіптер түсіндіріледі, сондай-ақ шығармашылық емтиханның басталу және аякталу уақыттары, нәтижелерді жариялаудың және аппеляция өткізудің уақыты мен орны көрсетіледі.
  20. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтайды:
  • емтихан алушының көрсеткен орынға отыру;
  • тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа талапкерлермен сөйлеспеу;
  • аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;
  • шығармашылық емтиханның аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.
  1. Осы қағидаларды бұзған жағдайда талапкер аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан жұмысының титулдық парағына емтихан алушының қолымен расталған шығару ceбебi туралы жазылады. Талапкердің бұл жұмысы жойылады.
  2. Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол шығармашылық емтиханды жазбаша өтініші мен шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.
  3. Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар болып табылады:
  • талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);
  • төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады).
  1. Дәлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жiбepiлeдi.
  2. Дәлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға жіберілмейді.
  3. Шығармашылық емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
  4. Емтихан жұмыстарын тексеру тек жоғары оқу орнының ғимаратында жүргізіледі.
  5. Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пәндік комиссияның мүшелері жүргізеді.
  6. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомосымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.
  7. Шығармашылық емтиханның қорытындысы ведомостпен және пәндік комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.
  8. Емтихан алушымен сарапталған жоғары және төмен балл жинаған және 5% қалған жұмыстарын пәндік комиссияның төрағасы емтихан жұмыстарын қосымша тексереді.
  9. Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостері және бағалары мен тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.
  10. Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.
  11. Талаптарды сақтауды және шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтихандар тапсырушы тұлғалардық құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
  12. Апелляциялық комиссия шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректордың бұйрығымен бекітіледі.
  13. Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бip күн ішінде қарастырады.
  14. Апелляциялық комиссия әpбip тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі апелляцияға қарастырылмайды.
  15. Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссиясының жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
  16. Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар тестілеудің екі пәнінің ұпайы есептеледі: оқу сауаттылығы (орыс тілінде), Қазақстан тарихы.
  17. Шығармашылық емтихан қабылдаудың балдық жүйесі

 

Әріптік баға Балдың сандық эквиваленті  Балл саны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
A 5

25-30

өте жақсы
 B+ 4

20-24

жақсы
 C+ 3

15-19

қанағаттанарлық

2. Нормативтік талаптар

«Исламтану» мамандығы қоғамдық маңыздылығы бар феномен ретінде жалпы жүйелік білім беретін пәндер қатарына жатады.

Түсу емтихандарының бағдарламасы мен тапсырмалары шығармашылық қабілеттері бар, алғашқы діни сауатқа ие тұлғаларды толық таңдау мақсатында құрылған.

Осы мамандықтарға түсу үшін талапкерлер арнайы пәндер бойынша 2 шығармашылық емтихан тапсырады:

  1. Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу;
  2. Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан.

Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесуден талапкердің діни білім деңгейі дайындығының деңгейін бағалауға, сонымен қатар, ең маңыздысы, қабілетті және талантты талапкерлерді таңдап алуға мүмкіндік береді.

Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан талапкерлердің берілген бастапқы исламтанушылық кабілеттерін айқындауға, олардың діни білімдерін толық көрсетуге мүміндіктерін береді.

Бірінші емтихан/тур/- Сұхбаттасу

Комиссия  мүшелерінің қатысуымен  шығармашылық/арнаулы/ емтиханның  бірінші туры  — әр талапкермен әңгімелесу түрінде өтеді.Талапкерлермен әңгімелесу  келесі  бағыттарда  жүргізіледі:

1) болашақ мамандықты таңдау себебі ;

2) талапкердің діни білім алған жері, ұстаздары туралы;

3) талапкерлердің  мешіттер мен түрлі жамағаттармен байланысы туралы;

4) оқуға түсушінің  мазхаб  туралы ойы;

5)  ақидалық ұстанымы туралы;

6) Қазақстанның діни-рухани өмірінің келелі мәселелері туралы;

 

     Ислам негіздері бойынша ауызша емтиханға арналған сұрақтар:

  1. Разъясните основы веры.
  2. Расскажите о вере в ангелов.
  3. Расскажите о свойствах (сыфатах), присущих всевышнему аллаху.
  4. Расскажите о положении в ахирате человека, совершающего много благих дел и о человеке, совершающего много грехов.
  5. Вера в судный день. загробная жизнь. к чему приводит отрицание данных столпов веры?
  6. Расскажите об имаме матуриди.
  7. Вера в пророков. пророки, указанные в коране. разъясните термины «расул» и «наби».
  8. Расскажите о сподвижниках пророка (да благословит его аллах и приветствует).
  9. Расскажите о святых (аулие), приближенных к аллаху, их положении, перед Аллахом.
  10. Расскажите о положениях веры относительно духов (аруахов), умерших людей.
  11. Вера в предопределение.
  12. Что вы знаете об аятах «муташаббих»? каков смысл слов «йяд», «уажх», «истауа»?
  13. Вера в священные писания.
  14. Что вы знаете о науке акида?
  15. Священный коран – слово всевышнего аллаха.
  16. Расскажите о рае и аде.
  17. Кто такие сунниты и шииты.
  18. Взаимосвязь традиций и культуры казахского народа с акидой.
  19. Качества (сыфаты) пророков.
  20. Кто такой иблис? Кто такие джинны?
  21. Такфир. Кто и по отношению к кому он выносится.
  22. Что вы знаете о тавассуле истигоса?
  23. Положение ислама относительно табаррука.
  24. Положение ислама относительно вахабиттов. каких вахаббиттских шейхов вы знаете?
  25. Какие действия выводят из религии?
  26. Виды религиозных обязанностей в ханафитском мазхабе.
  27. Какие виды воды пригодны для омовения.
  28. Фарды намаза.
  29. Уажибы намаза.
  30. Какие доказательства применяются в методике фикха имама абу ханифы и ученых ханафитского мазхаба?
  31. Ислам иa джихад.
  32. Условия и столпы поста.
  33. Условия и столпы хаджа.
  34. Времена намаза. времена макрух для чтения намаза.
  35. Фарды вуду (малого омовения).
  36. Когда гусуль (большое омовение) является уажибом? Как он совершается?
  37. Истибра и истинджа.
  38. Брак и развод по шариату.
  39. Проведение поминок, 7 дней, 40 дней, 100 дней, годовщины.
  40. Исламские праздники.
  41. Какие виды дополнительных (нафиль) поклонений вы знаете?
  42. Каких проповедников вы слушаете?
  43. Когда совершается саху сажде?
  44. При каких случаях нарушается пост? какой каффарат (наказание) за намеренное нарушение поста в месяц рамадан?
  45. Что вы знаете о мазхабах?
  46. Положение шариата относительно празднования маулида.
  47. Расскажите о таяммуме.
  48. Закят. Его условия и порядок выплаты.
  49. Расскажите о намазе путника.
  50. Мазхаб Абу Ханифы. Ученики Имама Абу Ханифы.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі әдебиеттір:

  1. Құран Кәрім
  2. И.Сейітбеков, Иман негіздері, А., 2010
  3. Қ.Жолдыбайұлы, Ақиқат шуағы, А.,
  4. Ғ.Есім, Артемев, Дінтану негіздері, А., қазақ/орыс тілдерінде
  5. И.Н. Яблоков, Религиоведение, М., 2005
  6. Д.Өмірзаққызы, Адамзаттың Асыл Тәжі, А., 2006
  7. Қ.Сейтұлы, Періштелерге иман, А, 2010
  8. С.Хизметли, Дінтану, Шымкент,
  9. М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Ислам Ғылымхалы, А., 2006
  10. Панова В.Ф., Вахтин Ю.Б. Жизнь Мухаммада. М., 1990.
  11. Исламоведение:Пособие для преподавателя Автор: Э.Р. Кулиев, М.Ф. Муртазин, Р.М. Мухаметшин и др. М., 2008

        Қосымша:

  1. Ә. Дербісәлиев, Қазақ даласының жұлдыздары, А., 1995
  2. Ш. Әділбаева, Сүннет салтымыз, хадис ғұрыпымыз, А., 2009 ж.
  3. А. Әділбаев, Ш. Әділбаева, Имам Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы, А., 2011
  4. Ислам историографичесий очерк, М.,
  5. М. Исаұлы, Құран кімнің сөзі, А., 2006
  6. Сейтбеков И., Нысанбаев С., Ислам тарихы, Шымкент,
  7. Мец А., Мусульманский ренесанс М.,
  8. Массэ А., Ислам, М.,
  9. Монтгомери, У., Влияние ислама на средневековую Европу, М.,
  10. Негізгі діни мағлұматтар, (Ауд., құр. Х. Өзтүрк, Б. Мансұров) А., 2008
  11. Т. Түгелұлы, Б. Тұрғанбекұлы, Мәзһаб туралы таным, А., 2011
  12. А. Әділбаев, Қасиетті мәуліт, А., 2006
  13. Басилов В.Н., Кармышева Дж.Х. Ислам у казахов М. 1997.
  14. М. Исахан. Мазхаптар тарихы (саяи, сенімдік, фыкһтық негіздер бойынша), Алматы, 2006