Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Исламтану мамандығы бойынша шығармашылық емтихан бағдарламасы

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ

 БАҒДАРЛАМАСЫ

 «Исламтану» мамандығы бойынша

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті «5В021500 – Исламтану» мамандығы бойынша шығармашылық емтихан өткізу туралы ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары (бұдан әpi — шығармашылық емтихан) Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде шығармашылық даярлықты талап ететін Исламтану мамандығына түсетін талапкерлер үшін өткізіледі.
  2. Шығармашылық емтиханның мақсаты талапкерлердің шығармашылық қабілеттерінің және шығармашылық; бағыттағы кәсіптерді меңгерудегі тұлғалық алғышарттарының болуын тексеру болып табылады.
  3. Шығармашылық; емтихандарды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде құрылған қабылдау комиссиясы өткізеді.
  4. Әрбip мамандық бойынша шығармашылық емтиханның саны екіге тең.
  5. Шығармашылық емтихан 2018 ж 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
  6. Мамандық бойынша шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұны жоғары оқу орнымен дербес анықталады.
  7. Шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін құрамы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректордың бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.
  8. Шығармашылық емтихандардың кестесін (пәннін атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, кеңестер, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.
  9. Нұр-Мүбарак ЕИМУ өткізетін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады. Шығармашылық емтиханның нәтижесі бойынша, олардың сәтті өткенін растайтын ең төменгі балл саны — 15 балл.
  10. Бірінші шығармашылық емтиханда белгіленген балл санынан кем алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді. Университетке қабылдану үшін талапкер кемінде 50 балл жинауға міндетті, оның ішінде 1-блоктағы жеке пәндерден кемінде 5 балл, әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 15 балл жинаған ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
  11. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім туралы құжаты бар, қайта кешенді тестілеу нәтижесі бойынша шекті балды алмаған адамдар күндізгі оқу нысаны бойынша бірінші академиялық кезең мерзімі аяқталғанға дейін ақылы негізде шартты студент ретінде қабылданады.

 

  1. Шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі

 

  1. Шығармашылық емтихандар өткізу аудиториясына жіберуді және емтиханды өткізу кезінде осы қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.
  2. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.
  3. Талапкер шығармашылық емтиханға кестеде керсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.
  4. Талапкер шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.
  5. Шығармашылық; емтиханды өткізу кезінде бip орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.
  6. Шығармашылық емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкүндік жасалады.
  7. Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.
  8. Шығармашылық емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеуге ұсынылған тәртіптер түсіндіріледі, сондай-ақ шығармашылық емтиханның басталу және аякталу уақыттары, нәтижелерді жариялаудың және аппеляция өткізудің уақыты мен орны көрсетіледі.
  9. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтайды:
  • емтихан алушының көрсеткен орынға отыру;
  • тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа талапкерлермен сөйлеспеу;
  • аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;
  • шығармашылық емтиханның аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.
  1. Осы қағидаларды бұзған жағдайда талапкер аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан жұмысының титулдық парағына емтихан алушының қолымен расталған шығару ceбебi туралы жазылады. Талапкердің бұл жұмысы жойылады.
  2. Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол шығармашылық емтиханды жазбаша өтініші мен шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.
  3. Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар болып табылады:
  • талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);
  • төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады).
  1. Дәлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жiбepiлeдi.
  2. Дәлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға жіберілмейді.
  3. Шығармашылық емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
  4. Емтихан жұмыстарын тексеру тек жоғары оқу орнының ғимаратында жүргізіледі.
  5. Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пәндік комиссияның мүшелері жүргізеді.
  6. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомосымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.
  7. Шығармашылық емтиханның қорытындысы ведомостпен және пәндік комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.
  8. Емтихан алушымен сарапталған жоғары және төмен балл жинаған және 5% қалған жұмыстарын пәндік комиссияның төрағасы емтихан жұмыстарын қосымша тексереді.
  9. Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостері және бағалары мен тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.
  10. Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.
  11. Талаптарды сақтауды және шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтихандар тапсырушы тұлғалардық құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
  12. Апелляциялық комиссия шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректордың бұйрығымен бекітіледі.
  13. Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтініш шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бip күн ішінде қарастырады.
  14. Апелляциялық комиссия әpбip тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі апелляцияға қарастырылмайды.
  15. Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссиясының жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
  16. Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар тестілеудің екі пәнінің ұпайы есептеледі: оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы.
  17. Шығармашылық емтихан қабылдаудың балдық жүйесі

 

Әріптік баға Балдың сандық эквиваленті  Балл саны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
A 5 25-30 өте жақсы
 B+ 4 20-24 жақсы
 C+ 3 15-19 қанағаттанарлық

 

 

  1. Нормативтік талаптар

«Исламтану» мамандығы қоғамдық маңыздылығы бар феномен ретінде жалпы жүйелік білім беретін пәндер қатарына жатады.

Түсу емтихандарының бағдарламасы мен тапсырмалары шығармашылық қабілеттері бар, алғашқы діни сауатқа ие тұлғаларды толық таңдау мақсатында құрылған.

Осы мамандықтарға түсу үшін талапкерлер арнайы пәндер бойынша 2 шығармашылық емтихан тапсырады:

  1. Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу;
  2. Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан.

Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесуден талапкердің діни білім деңгейі дайындығының деңгейін бағалауға, сонымен қатар, ең маңыздысы, қабілетті және талантты талапкерлерді таңдап алуға мүмкіндік береді.

Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан талапкерлердің берілген бастапқы исламтанушылық кабілеттерін айқындауға, олардың діни білімдерін толық көрсетуге мүміндіктерін береді.

Бірінші емтихан/тур/- Сұхбаттасу

Комиссия мүшелерінің қатысуымен шығармашылық/арнаулы/ емтиханның бірінші туры — әр талапкермен әңгімелесу түрінде өтеді.Талапкерлермен әңгімелесу  келесі  бағыттарда  жүргізіледі:

1) болашақ мамандықты таңдау себебі ;

2) талапкердің діни білім алған жері, ұстаздары туралы;

3) талапкерлердің  мешіттер мен түрлі жамағаттармен байланысы туралы;

4) оқуға түсушінің  мазхаб  туралы ойы;

5)  ақидалық ұстанымы туралы;

6) Қазақстанның діни-рухани өмірінің келелі мәселелері туралы;

 

Ислам негіздері бойынша ауызша емтиханға арналған сұрақтар:

 

  1. Иманның рүкіні нешеу? Имам Әбу Ханифа мен Матуридиде айырмашылық бар ма?
  2. Имам Әбу Ханифаның ақидаға байланысты қандай еңбектері бар?
  3. Ақида ілімінің негізін қалаушы?
  4. Имам Әбу Ханифа мүташәбиһ аят-хадистерге тәуил жасаған ба?
  5. Тафуид жасаудың үкімі қандай?
  6. Исра мен Миғраж оқиғасының қандай айырмашылығы бар?
  7. Алланың сипаттары Матуридилерде нешеге бөлінеді?
  8. Сәләфиттер (әл-Уахабия) мүтәшабиһ аят-хадистерге қандай тафуид жасайды?
  9. Субути сипаттардың анықтамасы қандай? Және нешеу?
  10. Муржиялар иманның рүкіні біреу – тілмен айту дейді және оған қандай дәлелді алға тартады?
  11. Зати сипаттардың анықтамасы қандай? Және нешеу?
  12. Не үшін Ашғарилер тәкуин сипатын жеке сипат ретінде қарастырмайды?
  13. Жәннатта мүміндердің Алланы көруі?
  14. Фиғли сипаттардың анықтамасы қандай?
  15. Матуридилер мен Ашғарилерде фиғли сипатқа байланысты қандай айырмашылық бар?
  16. Пайғамбарларға (ғ.с) не нәрсе жайз (рұқсат) болады? және оның дәлелі қандай?
  17. Улул азым елшілер қанша және олардың аттарын ата?
  18. Мұғтазилиттер не үшін субути сипаттарды Аллаға бекітпейді?
  19. Исра оқиғасына иман келтірудің үкімі қандай? Мойындамаған адам кім болады?
  20. Пайғамбарлардың (ғ.с) атынан жалған сөйлеудің үкімі қандай? Және осыған байланысты ақыли дәлел келтір?
  21. «Жария» хадисіне байланысты басқада қандай риуаяттар келген? Және бұл хадиске байланысты қандай тұжырым жасаймыз?
  22. Әһлү-сүннетте қабір азабын мойындамаған адамнға қандай үкім береді?
  23. Елшілер мен пайғамбарларда (ғ.с) айырмашылықтары бар ма?
  24. Миғраж оқиғасын мойындамаған адамның үкімі қандай?
  25. Имам Тахауидің толық аты-жөні кім? Және ақида еңбегінің толық атауы қандай? Және Имам қай кезеңге жатады? (Сәләф, халаф).
  26. Құранда қанша пайғамбардың (ғ.с) аты аталаған? Толық атап көрсет? Қызыр, Лұқман, Зұлқарнайындар пайғамбарлар санатына жатама?
  27. Пайғамбарларға (ғ.с) уәжіб болған сипаттар нешеу және дәлелімен атап көрсет?
  28. Алла Тағала жауһар, жисм, арад емес дейді, бұған қандай дәлел бар?
  29. Амалдың өлшенуін кімдер мойындамайды?
  30. Иманның шарттарын атап бер
  31. Жындардың мұсылман, кәпірлері болма? Дәлелі қандай?
  32. Шірік амалы кешіріледіме? Дәлелі қандай? Шірік келтірген адамның тәубесі қабыл болады ма?
  33. Матуридилер ирада мен мәшияның арасында айырмашылық бар дейді, ол қандай айырмашылық? Ашғарилар бұл екі сипат жайлы не дейді?
  34. Истиснә фил иман дегеніміз не? Бұл жайында Ашғарилар қандай тұжырымдама береді?
  35. «Табсиратул әдилла» атты ақида кітабы кімнің еңбегі?
  36. Ирада дегеніміз не? Алланың күнәні қалауын қалай түсіндіреміз?
  37. Әс-салах уәл ислах дегеніміз не? Кімдердің тұжырымы? Және бұл дұрыспа?
  38. Иләһият, Нубуат, Самғият дегеніміз не?
  39. Пендеде ихтияр бар ма?
  40. Пенде амалын өзі жарата ма?
  41. Хабари сипаттар дегеніміз не?
  42. Ашғарилер әйел пайғамбардың болуын жәйздейді, Матуридилер бұл жайында қандай тұжырым жасайды?
  43. Уәжіб дарури, назари дегеніміз не? Мысал келтір?
  44. Ақидада тек мұтауәтир хадистер алынады дейді, ахад хабармен келген сенім мәселелерін қалай түсіндіреміз?
  45. Пенде істерінде мәжбүрлі, яғни таңдауы жоқ деп кімдер айтады?
  46. Пенденің бақытты, бақытсыз болуы немен анықталады?
  47. «Алла аспанда ма жерде ме білмеймін деген адам діннен шығады» деген Әбу Ханифаның сөзін қалай түсіндіруге болады?
  48. Тағдыр мен қаза дегеніміз не? «Қада уәл қадар).
  49. Қияметте Алланы көру бүкіл адамзатқа тиселі ме әлде тек момындар ғана көреме?
  50. Жақсы жаман нәрсе ақылмен анықталады деп кімдер айтады?
  51. Парыз намазда фатиха оқудың үкімі?
  52. Намазда «Тәшәһһуд» дұғасын оқудың үкімі?
  53. Сапардағы адам үшін мәсіге мәсіх тарту мерзімі қанша?
  54. Хайыз бен нифас кезінде намаз оқу үкімі?
  55. Намазда өзге еститіндей етіп күлу нені бұзады?
  56. Намаздың парыздығын мойындап, орындамаған адамның үкімі?
  57. Ит ішкен судың үкімі?
  58. Денеден қан ақса, дәрет бұзылады ма?
  59. Мәкрүһ дегеніміз не?
  60. Дәретке ниет етудің үкімі
  61. Истинжа дегеніміз не?
  62. Ер кісінің әуреті
  63. Намазда жаттаған сүресіне қарап оқу үкімі
  64. Намазда ноқат көлеміндей тамақ қалдығын жұту үкімі?
  65. Дәретті бұзбайтын жағдайлар?
  66. Ғұсылдың сүннеттері?
  67. Мәнидің үкімі не?
  68. Намаздың парыздығын мойындап, орындамаған адамның үкімі?
  69. Мәйтке ғұсыл құйындыру үкімі?
  70. Ғұсылдың рукіндерін атаңыз.
  71. Парыз кифая деген не?
  72. Ораза тұту уақыты қашан басталады?
  73. Рамазан каффараты мен зиһар каффаратының айырмашылығы неде?
  74. Қателікпен кісі өлтірудің жазасы қандай?
  75. Нәпілді уәжіп ететін жағдай?
  76. Нәзір ораза қаншаға бөлінеді?
  77. Күмәнді күні ораза тұтудың үкімі?
  78. Қандай жағдайда шағбан айын отызға толтырады?
  79. Айды көруші куәгердің саны?
  80. Әйел кісінің әуреті?
  81. Ақшамнан бесіннің алдына дейінгі ниет қай оразаға жарамды?
  82. Ораза тұтуға кедергі болатын нәрселер?
  83. Күн батты деп білместіктен ауыз ашудың үкімі
  84. Рамазан оразасына ниет етпей рамазан айында ораза тұтса үкімі қандай?
  85. Ораза тұтпағанға тарауих намазын оқудың үкімі?
  86. Оразада топырақ, шикі күріш т.б. жеудің үкімі қандай?
  87. Бесінге дейін ниет етілетін оразаларды атаңыз
  88. Құрбан айтта ораза тұтудың үкімі қандай?
  89. Каффарат өтеуде реттілікті сақтаудың үкімі қандай?
  90. Еріксіз құсқан адамның оразасы бұзылады ма?
  91. Намазды жамағатпен оқудың үкімі?
  92. Сәһу сәждесі қандай жағдайда жасалмайды?
  93. Сәжде аятын қағазға жазған жағдайда, сәжде жасау уәжіп па?
  94. Жаназа оқылмай көмілгенге қандай жағдайда жаназа оқуға болады?
  95. Парыз оразалардың үшеуін атаңыз?
  96. Оразаның парыздығына аят пен хадистен дәлел келтіріңіз?
  97. Қайғылы үйге көңіл айтудың үкімі?
  98. Ораза каффараты деген де?
  99. Күмәнді күн деп қайсы күнге айтылады?
  100. Оразасын әдейі бұзып сосын каффарат өтемейтін жағдайдың себебін айтыңыз?

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі әдебиеттір:

  1. Құран Кәрім
  2. И.Сейітбеков, Иман негіздері, А., 2010
  3. Қ.Жолдыбайұлы, Ақиқат шуағы, А.,
  4. Ғ.Есім, Артемев, Дінтану негіздері, А., қазақ/орыс тілдерінде
  5. И.Н. Яблоков, Религиоведение, М., 2005
  6. Д.Өмірзаққызы, Адамзаттың Асыл Тәжі, А., 2006
  7. Қ.Сейтұлы, Періштелерге иман, А, 2010
  8. С.Хизметли, Дінтану, Шымкент,
  9. М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Ислам Ғылымхалы, А., 2006
  10. Панова В.Ф., Вахтин Ю.Б. Жизнь Мухаммада. М., 1990.
  11. Исламоведение:Пособие для преподавателя Автор: Э.Р. Кулиев, М.Ф. Муртазин, Р.М. Мухаметшин и др. М., 2008

 

   Қосымша:

  1. Ә. Дербісәлиев, Қазақ даласының жұлдыздары, А., 1995
  2. Ш. Әділбаева, Сүннет салтымыз, хадис ғұрыпымыз, А., 2009 ж.
  3. А. Әділбаев, Ш. Әділбаева, Имам Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы, А., 2011
  4. Ислам историографичесий очерк, М.,
  5. М. Исаұлы, Құран кімнің сөзі, А., 2006
  6. Сейтбеков И., Нысанбаев С., Ислам тарихы, Шымкент,
  7. Негізгі діни мағлұматтар, (Ауд., құр. Х. Өзтүрк, Б. Мансұров) А., 2008
  8. Т. Түгелұлы, Б. Тұрғанбекұлы, Мәзһаб туралы таным, А., 2011
  9. А. Әділбаев, Қасиетті мәуліт, А., 2006
  10. Басилов В.Н., Кармышева Дж.Х. Ислам у казахов М. 1997.
  11. М. Исахан. Мазхаптар тарихы (саяи, сенімдік, фыкһтық негіздер бойынша), Алматы, 2006