Араб тілі және әдебиеті кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Манабаев Бағдад Маханұлы

Phd докторы

Профессор — оқытушылар

Араб тілі және әдебиеті кафедрасы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті құрамында арнайы кафедра болып 2001 жылы құрылды.

  1. 2001-2007 ж.ж. кафедра меңгерушісі болып  ф.ғ.д. Махмуд Фуад атқарды.
  2.  2007-2008 жылдар аралығында кафедраны ф.ғ.д. Махмуд  Абдул Хафиз басқарды.
  3.  2008 — 2013 ж.ж. кафедраға ф.ғ.докторы Абд ар-Рахман Саад Хасан Мұхаммед Хижази басшылық етті.
  4. 2013-2014 ж.ж. кафедра меңгерушісінің м.а болып аға оқытушы Нүсіпбаев Еркебұлан Бақытұлы атқарды.
  5. 2015 жыл қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі болып  ф.ғ.д. Дийа Ауд Ахмад Хамад тағайындалды.

Кафедра 5В011900 — Шетел тілі: екі шетел тілі: (араб — ағылшын тілдері) мамандығы бойынша болашақ мұғалімдерді даярлайды және исламтану, дінтану  мамандықтарында оқитын 1-2 курс студенттеріне  араб тілінен практикалық сабақ жүргізеді. Кафедрадағы ұстаздар құрамы  Қазақстанның жоғарғы оқу орындары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және Египет Араб Республикасындағы Каир, әл-Азһар, Айн-Шамс, Александрия сынды жетекші жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған  жоғары білімді де білікті мамандардан құралған.

Кафедрада 5 PhD доктор, 1 ғылым кандидаты, 6 ғылым магистрі  дәріс береді.

Кафедра оқытушылары араб тілін оқытудың сапасын жетілдіру бойынша әр түрлі шаралар өткізіп отырады. Араб тілі орталығы, араб тілін үйрету курстарын ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде қолға алынған. Кафедра оқытушылары ағымдағы сабақтар бойынша үлестірме материалдарын жасайды, оқу үрдісіне сай жаңа технологиялар мультимедиялы лингафонды кабинеттерді пайдалану арқылы жүзеге асырылуда.

Араб тілі және әдебиеті кафедрасы шет тілінің өзекті мәселелеріне арналған оқу орныаралық семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отырады. Онда оқытушылар ұйымдастыру кезеңінен басқа  шетел тілін оқыту барысында пайда болған мәселелерді талқылайды.

Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық, жалпыуниверситеттік ғылыми конференцияларға қатысады.

Кафедрада жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша бағыттары:

а) Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі
ә) Әдебиет теориясы, риторика
б) Шетел тілдерін оқыту әдістемесі

Кафедраның тәрбие жұмыстары

Кафедраның тәрбие  мәселесі бойынша жұмыс бағыттары:

1. Ұйымдастыру және жоспарлау
2. Қоғамдық тәрбие
3. Салауатты өмір салты
4. Адамгершілік-рухани тәрбие
5. Эстетикалық тәрбие
6. Экологиялык тәрбие
7. Ұлттық рухани және патриоттық тәрбие
8. Құқықтық тәрбие

 

  Араб тілі және әдебиеті кафедрасының даму стратегиясының бағыттары

 Араб тілі және әдебиеті мамандығына қабылдау емтихан бағдарламасы

 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары

  Элективті пәндер каталогы

  Білім беру бағдарламалары

  Практика базалары

  Профессор-оқытушы құрамының марапаттары

  Профессор-оқытушы құрамының біліктілігі

  Профессор-оқытушы құрамының ғылыми еңбектері

 Жұмыс берушілер

  Түлектер