Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Дінтану кафедрасы

 

КАФЕДРА ТАРИХЫ

  • Дінтану бөлімі 2011ж. дейін университетіміздің «Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер» кафедрасының құрамында жұмыс жасап келді.
  • Кафедраның дербес ашылған жылы:  2011 жыл
  • Оқытушылар саны: 22. Оның 4 ғылым докторы-профессор, 1 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты-доцент, 1PhD    қауымдастырылған профессор, 6 PhD доктор, 7 магистр оқытушы.
  • 2011-2014жж. – «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі,  теология ғылымдарының PhD докторы Әділбаев Алау Шайқымұлы;
  • 2014-2020 жж.  – «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор  Ержан Қалмахан Сейтұлы.
  • 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а Жұмашова Жұлдыз Аманбайқызы.

 

«ДІНТАНУ»  МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: 

  • Дінтану ғылыми-теориялық негіздерін, бағыттарын, ғылыми зерттеу әдістемесін игерген, діндер тарихын, ілімдері мен ғибадаттық ерекшеліктерін терең меңгерген жоғары білікті мамандарды – PhD докторларын даярлау;
  • Кадрлардың біліктілігін арттыруға үлес қосу;
  • Білім беруді сапалы және бәсекелестікке қабілетті деңгейге дейін жоғарылату;
  • Білім беру үдерісін заманауи ғылыми жетістіктер мен инновациялық оқу технологиялары негізінде ұдайы жетілдіріп отыру;
  • Білім берудің теориялық және тәжірибелік салаларын сабақтастыру;
  • Мемлекеттік мекемелерде, ғылыми-зерттеу орталықтарында, БАҚ және басқа да құрылымдарға қажетті қоғам сұранысына ие мамандарды даярлау;
  • Қашықтықтан білім беру жұмыстарын қарастыру;
  • Ғылыми және оқу-әдістемелік инфрақұрылымды дамыту;
  • Ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс және әріптестік қарым-қатынас орнату;
  • Мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін діни экстремизм мен терроризм мәселелерінен сақтана отырып түлектердің діни фанатизмге бой алдырмауын қамтамасыз ету.

КАФЕДРАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ

  • Кафедраның ғылыми дәрежесі 62% құрайды.
  • Дінтану кафедрасында Ш.Т. Керім, А.Р. Әлмұхаметов, Қ.А. Затов, Қ.С. Ержан, Б.Б. Хамзеева, Д.А. Сихимбаева, М.Б. Исахан, А.Қ. Дүйсенбаева, Ж.Бұлан,  Ж.Ж. Ишмаханов, Е.Н. Есімқұлов, Т.А. Баракбаева, Т. Имамумади, Б.Ш. Абдулхаким, Е. Мажиұлы, А.Е. Әбубәкірова сынды жоғары білікті мамандар дәріс берумен қатар ғылыми, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарын да жүргізеді.
  • Дінтану саласындағы іргелі ғылым мен заманауи қоғамдық сұранысқа жауап беретін мемлекет және дін, дін әлеуметтануы, салыстырмалы дін, ислам тарихы және Орталық Азиядағы Ханафи мазхабы мен Матуриди сенім мектебінің ғылыми мұралары тақырыптарын қамтитын оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу;
  • Діни радикализм мен экстремизм құбылысын ғылыми және құқықтық тұрғыдан талдау, алдын алу және оңалту бағыты бойынша кеңес беру;
  • Дінтану БББ бойынша оқу бағдарламалары мен оқу әдістемелік кешендерін қазіргі талаптарға сай дайындау;
  • Ғылыми семинарлар, дөңгелек үстел және конференциялар ұйымдастыру;
  • Білімгерлердің диплом жұмыстары мен ғылыми жоба/диссертацияларына ғылыми жетекшілік жасау.
  • Кафедраның оқытушы-профессорлары халықаралық, республикалық, университеттік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, университет баспасының атынан кітаптар шығаруда.
  • Оқу құралдары: «Қазақстан Республикасындағы мемлекет-конфессионалдық қатынастар», «Яһудилік», «Салыстырмалы діндер тарихы», «Құран және ориентализм», «Ислам тарихы», «Орталық Азиядағы Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасы мектебі», «Ислам ақидасы».
  • Дөңгелек үстел, конференция: «Діни татулық – мемлекеттің басты ұстанымы», «Қазіргі кезеңдегі дін: мәселелері және шешімдері».

      Дінтану кафедрасының даму стратегия бағыттары

   Кафедраның жетістіктері мен марапаттары


  Оқытушы-профессорлар құрамы 

   Профессор-оқытушы құрамының біліктілігі

   Профессор-оқытушы құрамының ғылыми еңбектері


   Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

   Элективті пәндер каталогы

   Білім беру бағдарламалары


  Жұмыс берушілер

  Түлектер

   Практика базалары