Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Араб және ағылшын тілдер кафедрасы

 Профессор — оқытушылар құрамы

                                                                                                                                   

КАФЕДРА ТАРИХЫ

  • Ашылған жылы: 2001 жылдан 2018 жылға дейін «Араб тілі және әдебиеті» кафедрасы болып аталды;
  • 2018 жылдың қазан айынан бастап «Араб және ағылшын тілдер» кафедрасы болып өзгерді.
  • Оқытушылар саны: 28 штаттан құралған. Оның ішінде  1 ғылым докторы , 4 ғылым кандидаттары, 12 PhD докторы, 6 магистр оқытушы, 5 аға оқытушы.
  • 2001-2007 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Махмуд Фуад;
  • 2007-2008 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Махмуд Абдул Хафиз;
  • 2008-2013 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Абд ар-Рахман Саад Хасан Мұхаммед Хижази;
  • 2014-2018 жж аға аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін  оқытушы Нүсіпбаев Еркебұлан Бақытұлы атқарды;
  • 2018 жылдың ақпан айынан бастап Араб және ағылшын тілдер кафедрасын PhD доктор Манабаев Бағдат Маханұлы басқарып келеді.

«АРАБ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІ»  МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: 

  • Кафедра 6В01701-«Шетел тілі: екі шетел тілі: (араб, ағылшын тілдері)» мамандығы бойынша болашақ мұғалімдерді даярлайды және исламтану, дінтану мамандықтарында оқитын 1-3 курс студенттеріне және магистранттар мен докторанттарға араб, ағылшын тілдері пәндері бойынша дәріс береді. Кафедрадағы ұстаздар құрамы Қазақстанның жоғарғы оқу орындары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және Египет Араб Республикасындағы Каир, әл-Азһар, Александрия университетін тәмамдаған жоғары білімді де білікті мамандардан құралған.
  • Профессор-оқытушылар құрамы араб, ағылшын тілдерін оқытудың сапасын жетілдіру мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми семинар-тренинг және дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамы дәрістен тыс өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалар жариялап тұрады.

КАФЕДРАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ

  • Салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі;
  • Тіл теориясы, риторика;
  • Шетел тілдерін оқыту әдістемесі
  • Ұйымдастыру және жоспарлау
  • Қоғамдық тәрбие
  • Салауатты өмір салты
  • Адамгершілік-рухани тәрбие
  • Эстетикалық тәрбие
  • Экологиялык тәрбие
  • Ұлттық рухани және патриоттық тәрбие
  • Құқықтық тәрбие

 

Араб тілі және ағылшын тілдері кафедрасының даму стратегия бағыттары

Арнайы емтихан бағдарламасы 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары

Элективті пәндер каталогы

Білім беру бағдарламалары

Практика базалары

Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігі

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектері 

Профессор-оқытушылар құрамының жетістіктері және марапаттары

    Жыл сайын өткізілетін студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы

Жұмыс берушілер

Түлектер